Метка: байқаушы

  • Халықаралық байқаушы:референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр

    Халықаралық байқаушы:референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр

    «Республикалық референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр». Астанаға келген шетелдік байқаушылар бүгінгі науқанға осылай баға берді. Олардың айтуларынша, таңнан бері бірнеше учаскеде болған. Қала тұрғындары бұл науқанның маңызды екенін түсініп, белсенді қатысып жатыр дейді. Сондай-ақ, көпшілігі отбасымен келіп, үлкен қызығушылық танытуда. Комияссия мүшелері де. тас түйін дайын келген.

    «Таңнан бері 5-6 дауыс беру учаскесінде болдық. Кешке дейін дәл солай бірнеше учаскеге барамыз. Бұған дейін 60 елде байқаушы болды. Қазақстанда, менің байқағаным, референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр. Әсіресе, халық белсенді. Бәрінде мерекелік көңіл-күй», — деді халықаралық байқаушы Ираклий Хорбаладзе.

    Бүгінгі референдумды әлемнің 30 елінен 177 байқаушы қадағалауда.  Олар Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Франция, Ресей, Испания, Қытай, Беларусь, Грузия, Жапония сынды 30 мемлекеттен келген өкілдер. Одан бөлек, 4 халықаралық ұйымның өкілдері қатысуда. Бұл қатарда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Түркі мемлекеттерінің ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. Сондай-ақ референдумда 37 мемлекеттен 200 шетелдік журналист хабар таратып жатыр.

  • Халықаралық бақылаушылар: заң бұзушылық тіркелген жоқ

    Халықаралық бақылаушылар: заң бұзушылық тіркелген жоқ

    Халықаралық бақылаушылар әзірге ешқандай заң бұзушылықты тіркеген жоқ

    Бұл туралы ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов мәлімдеді.

    Референдумды бақылауға ТМД-дан 74 халықаралық байқаушы қатысып жатыр. Олар – Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның өкілдері. ТМД елдерінің бақылаушылары Астана, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның басқа 6 облысында жүр.

    Басқа аймақтарда бақылауды екіжақты негізде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және мемлекеттердің бақылаушылары жүзеге асыруда.

  • Референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды

    Референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды

    6 қазанда Қазақстанда өтетін АЭС бойынша референдумды 30 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның байқаушылары бақылайды. Бұл туралы Орталық реферундум комссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті.

    «3 қыркүйекте қабылданған қаулы негізінде аккредитация 2024 жылғы 30 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталды. Осылайша, барлығы 177 байқаушы ресми тіркеуден өтті. Олардың арасында 30 шет мемлекеттің байқаушылары және 4 халықаралық ұйымның өкілдері бар», — деді Мұхтар Ерман.

    Сыртқы істер министрлігі 5 ірі халықаралық ұйымға шақыру жолдаған.

    17 қыркүйекте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) бас кеңсесінен алдағы айларда жоспарланған сайлауларға байланысты іс-шаралардың көптігін айта отырып, 6 қазанда референдум бойынша миссия жіберу мүмкіндігі жоқ деген жауап алдық. Қазір бақылауға қатысатын халықаралық ұйымдардың қатарында ТМД, ШЫҰ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. Жалпы референдумға 30 шет мемлекеттің өкілдері қатысады, — деді хатшы.

    Олардың арасында 4 елдің орталық сайлау комиссиясының төрағалары (Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан) да бар.

    Сондай-ақ Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко референдумда 37 мемлекеттен 200 шетелдік журналист хабар тарататынын атап өтті.