Метка: Берденов

  • Берденовке жасалған қастандық: полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Берденовке жасалған қастандық: полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықта қолданылған мылтық Астанада есептен шығарылған болып шықты. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Министрдің айтуынша, қарудың Шымкентке қалай жеткені – полиция қызметкерлерінің салғырттығының салдары.
    «Иә, өкінішке қарай, мұндай жағдайлар болды. Бұл жерде қаруды біреу сатып жіберген жоқ, бірақ қызметкерлердің жауапсыздығы анық. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында кінәлі кім, қаруды кім өткізген – барлығы анықталады», – деді Сәденов.

    Қастандықтың мән-жайы

    Еске салсақ, 2025 жылғы 21 сәуір кешке Шымкенттегі әкімдік ғимаратының алдында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылды. Чиновник жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің төрт сағатқа созылған операциясы сәтті өтті.

    Қастандыққа күдікті Ернар Жиембай оқиға орнында ұсталды. Ол «кісі өлтіруге оқталу» бабымен айыпталуда.

  • «Өлемін не болмаса өлтіремін»: Шымкентте айыпталушының сөзі жарияланды

    «Өлемін не болмаса өлтіремін»: Шымкентте айыпталушының сөзі жарияланды

    Шымкентте куәгер әкім орынбасарына қоқан-лоққы жасалған қоңырау жайлы айтты

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта жәбірленушінің көмекшісі Талап Рахымбердиевтен жауап алынды, деп хабарлайды Sona.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, айыпталушы Ернар Жиембай әкімдіктегі кездесуден кейін қоңырау шалып, Берденовпен сөйлесуді талап еткен. Кейін ол оның үйіне бармақ ниетін білдірген. Ал құрылыс нысандарын бақылау бөлімінің инспекторы Асанбай Ақментаевқа: «Өлемін не болмаса өлтіремін» деген.

    Жиембай сотта сөзінің агрессивті болғанын мойындап, бірақ тек қорқытқысы келгенін айтты. Айыпталушының айтуынша, жанжал Берденовтың оның жұбайына қатысты әрекеттерінен шыққан.

    Тергеу мәліметінше, Жиембайды бұрын жұмыстан босатпақ болған. Сот отырысы жалғасуда.

  • Берденов ісі: «Мен тек қорқытқым келді» – айыпталушы Жиембайдың мәлімдемесі

    Берденов ісі: «Мен тек қорқытқым келді» – айыпталушы Жиембайдың мәлімдемесі

    Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды, Шымкент әкімінің орынбасарына жасалған қастандық ісінде айыпталушы Ернар Жиембай оқиғаны қорқыту мақсатында жасағанын айтты.

    Ол сол кезде күйзеліске түсіп, депрессияда болғанын жеткізді. Сондай-ақ Берденов тарапынан бірнеше рет балағат естіп, жұмыстан өз еркімен кетуге мәжбүр болғанын айтты. Әйтпесе, үстінен іс қозғайтынын ескерткен.

    Прокурордың «неге полицияға жүгінбедіңіз?» деген сұрағына нақты жауап бере алмады. Айтуынша, төрт рет оқ атқан, бірақ тура емес.

     

  • Жиембай: Берденов мені Сыздықбековке жала жап деп талап етті

    Жиембай: Берденов мені Сыздықбековке жала жап деп талап етті

    Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша басты сот талқылауы жалғасуда. Айыпталушы Ернар Жиембай сотта шулы мәлімдеме жасады. Sona.kz KazTAG-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Оның айтуынша, Руслан Берденов өзіне кешірім беру үшін Жиембайдан қала әкімі Ғабит Сыздықбековті қастандықты ұйымдастырушы деп көрсетуін талап еткен.

    — Берденов: “Егер Сыздықбеков мені тапсырыс берді десең, сені кешіремін”, — деді,- деп мәлімдеді Жиембай сот отырысында.

    Айта кетейік, Руслан Берденовке қастандық 21 сәуір күні кешке жасалған. Ол оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Тергеу мәліметінше, оқ атуға Шымкент әкімдігіне қарасты ТОО қызметкері күдікті ретінде танылған. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

    Бұған дейін күдіктінің қастандыққа баруына себеп ретінде жеке негіздегі шиеленіс қарастырылған. Алайда, қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Айгерім Жұмақұлова бұл нұсқаны жоққа шығарды.

    Іс бойынша сот процесі жалғасуда. Берденовтің өзі сотқа қатысып жатқан жоқ — оның мүддесін өкіл Жеңіс Тыныбек қорғауда.

  • Берденовке оқ ату оқиғасы: шабуылдың себебі сотта айтылды

    Берденовке оқ ату оқиғасы: шабуылдың себебі сотта айтылды

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылдың мотиві сотта жарияланды, — деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

    Прокурор Бауыржан Карамановтың айтуынша, Ернар Жиембай Руслан Берденовтің тапсырмасымен өзі басқарып отырған “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС-дегі қызметінен өз еркімен кетуі тиіс екенін білген. Осыдан кейін эмоциялық күйзеліс күйінде ол спирт ішіп, үйінен “Сайга” маркалы мылтық алып шығып, бірнеше сағат бойы көлігінде сақтап жүрген.

    2025 жылдың 21 сәуірі күні, ол қалалық әкімдік ғимаратының алдына барып, Берденовті күтіп тұрған. Чиновник шыққан сәтте бес рет оқ атып, соңынан бақылау оқ атпақ болғанда, жараланған Руслан Берденов қарсылық танытып, бұл сәтте жүргізушісі шабуылдаушыны көлікпен қағып, кісі өлтірудің алдын алған.

    Негізгі сот процесі 6 тамыз күні сағат 10:00-де басталады. Іс ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі (“Кісі өлтіруге оқталу”) бойынша қаралып жатыр.

  • Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық: атышулы іс бойынша сот басталды

    Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық: атышулы іс бойынша сот басталды

    Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық дерегі бойынша сот процесі басталды. Істі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот қарап жатыр. Қылмыстық іс бойынша басты күдікті — Ернар Жиенбай. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») және 24-бабы 3-бөлігі («Қылмысқа оқталу») бойынша айып тағылып отыр.

    Сот процесінің алғашқы – алдын ала тыңдалым кезеңі ашық түрде өтіп жатыр, дегенмен судья Абинур Карабаевтың айтуынша, тараптардың келісімімен айыпталушының түрін бейнежазбаға түсіруге тыйым салынған. Бұл – сотта жиі кездесетін тәжірибе, егер айыпталушы өзінің жеке басының түсірілуіне қарсы болса, оның құқығы ескеріледі.

    Еске салайық, атышулы оқиға 2024 жылдың соңында қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Қала әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық әрекет — елдегі мемлекеттік қызметкерлерге төнетін қауіпсіздік мәселелерін тағы да күн тәртібіне шығарған.

    Қазіргі таңда сот процесі жалғасып жатыр. Қылмыстық іс материалдарына қатысты қосымша деректер мен куәгерлердің айғақтары алдағы отырыстарда жария етілмек.