Метка: Берік Асылов

  • 7-сынып бағдарламасына жаңа пән енгізілуі мүмкін

    7-сынып бағдарламасына жаңа пән енгізілуі мүмкін

    Қазақстанда мектеп оқушыларына 7-сыныптан бастап жаңа пән қосылуы мүмкін.

    Бұл ұсынысты бас прокурор Берік Асылов айтты. Ол қазақстандық оқушыларға 7-сыныптан бастап «Заң және тәртіп» атты жаңа пән енгізуді ұсынды.

    «Бүгінде жасөспірімдердің біразы өкінішке қарай, ауыр қылмыс жасап жатыр. Олар төбелестен бастап ауыр қылмысқа дейін барады. Алайда олардың көбі заңды бұзғанын білмейді. Олар қылмысы үшін жауапкершілікке тартылатынын түсініп жүрген жоқ. Сондықтан оқушылардың құқық жайлы сауатын арттыру үшін жаңа пән қосуды сұраймыз», – деді Берік Асылов.

    Асылов жасөспірімдер заңды білу арқылы тәртіпке үйренетінін айтты.

  • Костенкодағы 46 кеншінің қазасы туралы іс сотқа берілді

    Костенкодағы 46 кеншінің қазасы туралы іс сотқа берілді

    Бас прокурор Берік Асылов жарылыс кезінде 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы трагедияны тергеу аяқталғанын хабарлады.

    Қайғылы оқиға 2023 жылдың 28 қазанына қараған түні 700 метр тереңдікте болды. Метанның алғашқы жарылуы тізбекті реакцияны тудырып,  33 шахтер жарақаттан, 13 – көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болды. Тағы 28 адам жарақат алды.

    «10 қатысушыға қатысты іс тау – кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу туралы бап бойынша сотқа берілді (ҚК 277-бабының 3-бөлігі)», – деді Асылов

    Тергеу апаттың себебі басшылық тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі, қауіпсіздік шараларын сақтамау және шахтаның жоғарғы газдануынан екенін анықтады. Айыпталушылар арасында шахта директоры, бас инженер, желдету және конвейерлік көлік учаскелерінің бастықтары бар. Олардың тоғызы қамауға алынды, біреуі кепілдікпен босатылды.

    Барлығы 74 адам зардап шекті деп танылған, онда қаза болғандардың туыстары мен зардап шеккен кеншілер бар. Қылмыстық іс 120-дан астам томды материалдарды қамтыды.

  • Интернетте суицидті насихаттау: Бас прокурор мәлімдеме жасады

    Интернетте суицидті насихаттау: Бас прокурор мәлімдеме жасады

    Оның мәліметінше, интернетте суицидті насихаттауға қатысты прокуратура ҚР Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу шараларын бастады.

    «Қылмыстық істерді тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу мазмұнындағы бірнеше Telegram-арналардың әкімшілері мен оған қатысушылар тексерілетін болады. Қажетті тергеу амалдары жүргіземіз, бірқатар сараптамалар тағайындаймыз», деп жазды Асылов Х желісінде.

  • Бас прокурор суицидке қатысты әр фактіні тергеуді ерекше бақылауды тапсырды

    Бас прокурор суицидке қатысты әр фактіні тергеуді ерекше бақылауды тапсырды

    «Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парағында.

    Айта кетсек, соңғы бір-екі айда Қазақстанда балалар және жастардың өз-өзіне қол салу фактілері жиіледі.

    Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды.
    Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым.
    Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді.