Метка: Берік Уәли

  • Абай облысының әкімі Берік Уәли «Алиби ісінің» фигурантымен түскен фотосуретке түсініктеме берді

    Абай облысының әкімі Берік Уәли «Алиби ісінің» фигурантымен түскен фотосуретке түсініктеме берді

    Абай облысының әкімі Берік Уәли БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған Арман Абильтаев суретіне түсініктеме берді. Абильтаев 2015 жылы «Алиби ісі» бойынша сотталған. Бұл туралы хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Брифингте Берік Уәли фото мен Абильтаевтың өткенінен тек БАҚ жариялағаннан кейін ғана хабардар болғанын айтты. Оның сөзінше, кездесу құрылысшылармен ресми жұмыс аясында өткен, және ол фигуранттың өткен тарихы туралы білмеген. Фото кездесу кезінде жасалған және кейін Абильтаев өзі жариялаған.

    фото: желіден

    «Біз әркіммен бөлек фотоға түстік. Оның ісі туралы мен білмедім, бұл ақпаратты сіздерден, журналистерден ғана білдім. Сондықтан мұнда ешқандай сенсация жоқ», — деді Уәли.

    Контекст: Алиби Жумагуловты ұру оқиғасы 2015 жылы Астанада орын алған. Іс бойынша бірнеше адам сотталған, соның ішінде Арман Абильтаев та бар.

  • «Семей-Астана-Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

    «Семей-Астана-Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

    Биылғы 27 сәуірден «Семей-Астана-Семей» бағытында сыйымдылығы 48 орындық «Ан-24» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Рейсті «Южное небо» әуе компаниясы жүзеге асырады. Семейден Астанаға ұшу уақыты – кешкі сағат 18:15, Астанадан Семейге ұшу уақыты – кешкі сағат 21:15.

    Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі халықаралық әуежайдың жұмысымен танысу барысында айтты.

    – Жолаушылардың өтінішін ескере отырып Көлік министрлігі, әуе компаниясы және облыс әкімдігінің үш жақты келісімі нәтижесінде осындай уағдаластыққа қол жеткіздік. 10 мамырға дейін аптасына үш рейс орындалады. Ал мамырдың ортасынан бастап ұшу жиілігі аптасына 5 ретке дейін ұлғаяды. Әуе компаниясының құрылтайшылары болашақта жаз мезгілінде қатынайтын жаңа ұшақтарды желіге шығаратынын айтып отыр. Алдағы уақытта Қарағанды бағытында субсидияланатын жаңа әуе рейсін ашу жоспарымызда бар. Қазіргі уақытта Көлік министрлігімен келіссөз жүргізілуде, – деді аймақ басшысы. 

    Биылғы 1 мамырдан бастап «Алматы-Семей-Алматы» (аптасына үш рет), «Астана-Семей-Астана» (аптасына бір рет) бағыттарында қосымша рейс енгізіледі. Бұдан бөлек 1 маусымнан бастап «FlyArystan» әуе компаниясы «Шымкент – Семей – Шымкент» бағыты бойынша жаңа рейсті іске қоспақ.

    Жолаушылар аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Сондай-ақ дүйсенбі мен бейсенбіде «Скат» әуе компаниясы «Алматы-Үржар-Алматы», «Астана-Үржар-Астана» рейстерін әрқайсысын аптасына 6 реттен орындай бастайды.

    Қазіргі уақытта Семей қаласынан «Семей – Алматы», «Семей – Астана» және «Семей – Үржар» бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері орындалуда. Аталған рейстерді «FlyArystan» және «Южное небо» әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.

  • Президент Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

    Президент Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

    Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

    Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды.

    Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды. Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде алты жоба биыл іске қосылады.

    Берік Уәли облыстағы әлеуметтік нысандардың және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, тұрғындардың сұранысына сай мектептер мен балабақшалар салу, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, коммуналдық шаруашылық саласындағы қордаланған проблемаларды, әсіресе Семей қаласының осы бағыттағы мәселелерін шешу өте өзекті.

    «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынды. Облыс орталығындағы аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр. Осы ретте аспалы көпірдің жүктемесін азайтып, көлік нөпірін реттеу мақсатында Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда

    Мемлекет басшысы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуі тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды лайықты деңгейде ұйымдастырудың маңызына назар аударды.

  • Семейдегі әлімжеттік: Берік Уәли істі егжей-тегжейлі тергеуді тапсырды

    Семейдегі әлімжеттік: Берік Уәли істі егжей-тегжейлі тергеуді тапсырды

    Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдеге жасөспірімдер арасындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, баланы ұрып-соғу фактісі бойынша егжей-тегжейлі қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды.

    Шенеуніктердің, полиция мен прокуратура өкілдерінің, сондай-ақ балалар омбудсменінің қатысуымен өткен кеңесте жаңа әкім жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолдану керегін айтты.

    «Аймақтың барлық мектептерін қатаң бақылауда ұстау керек. Білім басқармасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп оқушылармен және олардың ата-аналарымен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Облыстың оқу орындары үшін тәуекелдер картасы, сондай-ақ мұндай жағдайларда жедел әрекет етудің нақты алгоритмі әзірленуі тиіс», –  деп міндеттеді Берік Уәли.

    Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр, ал балалар құқықтарын қорғау комиссиясы ұрып-соғуға қатысы бар төрт жасөспірімді арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылдады. Құқық бұзушылардың ата – аналары әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

    «Зардап шеккен адамға облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары көмек көрсетеді. Облыстың білім басқармасы жанынан арнайы мониторингтік топ құрылды. Қазір қызметтік тергеу жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша мектеп басшылығының тәрбие және профилактикалық жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылу туралы мәселе қаралатын болады», – деп атап өтті әкімдіктегілер. 

  • Берік Уәли – Абай облысының әкімі

    Берік Уәли – Абай облысының әкімі

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

  • Қазақстан БРИКС-ке кіруге өтініш бере ме?

    Қазақстан БРИКС-ке кіруге өтініш бере ме?

    Қазақстан Президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің БРИКС-ке қосылуы туралы ұсыныстар түскенін айтты. Ал мемлекет басшысы бұл ұсыныстарды ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият қарастырады.

    Қазан қаласында 23-24 қазанда БРИКС саммиті өтеді. Уәлидің айтуынша, Тоқаевтың жұмыс кестесінде оған қатысу бар.

    «Мемлекет басшысы сонда 24 қазанда ұйымның аутрич форматындағы кеңейтілген отырысында сөз сөйлеуді жоспарлап отыр», — деді президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы.

    Берік Уәлидің айтуынша, Қазақстан БРИКС эволюциясын қызығушылықпен бақылап отыр және ұйымның негізін қалаушы мемлекет басшыларының кез келген алпауыт державалардың гегемониясынан азат, әділ, демократиялық әлемдік тәртіп құруға бар күш-жігерін салуға шақыруларын қолдайды.

    «Президент Қазақстанның БРИКС-ке қосылуы туралы ұсыныстар алды. Өйткені, біздің еліміз халықаралық қауымдастықтың жауапты әрі беделді мүшесі ретінде танылды. Бұл ұсыныстарды Мемлекет басшысы мұқият қарап, оның тапсырмасы бойынша тиісті ведомстволар Қазақстанның ұлттық мүддесі тұрғысынан сараптауда», – деді Берік Уәли.