Метка: Бестерек

  • Бестерек оқиғасы бойынша сот басталды: ата-аналар «дені сау» деген анықтама бергендерді де жазалауды талап етті

    Бестерек оқиғасы бойынша сот басталды: ата-аналар «дені сау» деген анықтама бергендерді де жазалауды талап етті

    Абай облысында 19 тамызда Бестерек ауылында болған қайғылы оқиғаға қатысты сот процесі басталды. Toyota маркалы көлік аулада тұрған алты балаға соқтығысып, олардың төртеуі қаза тапқан, екеуі жарақат алған еді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Прокуратура дерегінше, 55 жастағы жүргізуші ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша айыпталып отыр. Сотта мемлекеттік айыптаушы жүргізушінің 2013 жылдан бері «генерализацияланған эпилепсия» диагнозымен есепте тұрғанын айтты. Бұл диагноз көлік басқаруға тыйым салынған аурулар тізіміне кіреді. Соған қарамастан, ол рөлге отырып, жолда жүрек талмасына ұқсас ұстама болып, көлікті басқара алмай қалған.

    Қаза тапқан балалардың ата-аналары тек жүргізушіні емес, оған «дені сау» деген медициналық анықтама берген адамдарды да жауапкершілікке тартуды талап етті. «Жүргізуші анықтаманы жалған алған, бірақ кім бергенін айтпай отыр. Сол адамды тауып, жазалау керек», — деді Ернар Буланбаев.

    Марқұм болған үш қыздың анасы балалардың жолда емес, көрші үйдің ауласында, қоршаудың ар жағында тұрғанын атап өтті. Оның сөзінше, туған-туыстарының кешірім сұрауы мен материалдық көмегі орны толмас қасіретті жеңілдете алмайды. Ол жүргізушіге құқық берген барлық тұлғаларды тексеруге шақырды.

    Сот процесі жалғасуда. Оқиғадан кейін президенттің тапсырмасымен санитарлық авиация зардап ше

  • Бестеректегі қайғылы оқиға: зардап шеккен қызға миына күрделі операция жасалуда

    Бестеректегі қайғылы оқиға: зардап шеккен қызға миына күрделі операция жасалуда

    Денсаулық сақтау министрлігі Абай облысының Үржар ауданындағы Бестерек ауылында болған жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы мәлімет берді, Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның дерегінше, үш бала стационарда жатыр. Олардың бірінің жағдайы – өте ауыр, екеуінікі – тұрақты ауыр деп бағалануда. Балаларға бас-ми жарақаты, ішкі ағзалары мен тірек-қимыл аппаратының зақымдары диагноз қойылды.

    «Бір науқас қызға миына күрделі нейрохирургиялық операция жасалып жатыр, ішкі ағзаларындағы қан кету тоқтатылды. Балалардың жағдайы тұрақтанғаннан кейін оларды әуе бортпен Астанаға жеткізу мәселесі қаралады», – деп мәлімдеді министрлік.

    Ведомство өкілдері жағдайдың ерекше бақылауда екенін және үздік мамандардың көмекке тартылғанын атап өтті.

    Еске салайық, 19 тамызда Бестерек ауылында Toyota көлігін жүргізген 55 жастағы азамат үй қақпасының жанында тұрған балаларды қағып кеткен. Салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы бірі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

    Көлік жүргізушісі ұсталды, қылмыстық іс қозғалды. Медициналық сараптама жүргізушінің апат кезінде мас болмағанын көрсетті.

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнындағы балаларға көмек көрсету үшін дәрігерлер отырған ұшақты жіберуді тапсырды. Абай облысының әкімі Берік Уәли қаза тапқан балалардың отбасына қажетті көмек көрсетуді жүктеді.