Метка: Бейнеу

  • Бейнеуде патрульдік көлік Toyota Camry-мен соқтығысты

    Бейнеуде патрульдік көлік Toyota Camry-мен соқтығысты

    Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауылында патрульдік автокөлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.

    Оқиға 25 қараша күні түнгі 02:00 шамасында болған. Бейнежазбада патрульдік көліктің қиылыстан шыға беріп, Toyota Camry-мен соқтығысқаны көрінеді.

    Маңғыстау облыстық полиция департаменті Camry рөлінде 17 жастағы жасөспірім отырғанын растады.

    Алайда патрульдік жүргізушінің манёврына қатысты ресми түсініктеме берілмеді. Көпшілік патруль көлігі қосалқы жолдан шығарда қауіпсіздікке көз жеткізді ме деген сауал қойып отыр.

    Белгілі болғандай, жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды. Жол апатына қатысқандар жеңіл жарақат алмай, тек қорқып қалған.

  • Бейнеуде жаппай төбелестен кейін жасөспірім қаза тапты

    Бейнеуде жаппай төбелестен кейін жасөспірім қаза тапты

    Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында болған жаппай төбелес жасөспірімнің қазасына әкелді, деп хабарлайды Sona.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

    Облыстық прокуратураның мәліметінше, төбелес кезінде 17 жастағы бозбала автокөліктің астына түсіп қалған. Көлікті жүргізген азамат қаза тапқан жігіттің өз ортасынан болған.

    «Оқиға төбелес аяқталған кезде орын алды. Жастар жан-жаққа қаша бастағанда, марқұм көлік астында қалды. Қазіргі уақытта Бейнеу ауданының 15 жасөспіріміне қатысты Қылмыстық кодекстің “Ауыр дене жарақатын салу” және “Бұзақылық” баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Арнайы сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша қайтыс болған баланың өлімі төбелестен алған соққыдан ба, әлде көлік соққысынан ба анықталады», — деді Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма бастығы Данияр Төлегенов.

    Тергеу аясында төрт жасөспірім қамауға алынса, 11-іне үйқамақ шарасы қолданылған. Бұдан бөлек, 18 тамызда прокуратураға ұсталғандардың ата-аналары арыз түсіріп, балаларын полиция қызметкерлері азаптағанын мәлімдеген. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы («Азаптау») бойынша іс қозғалып, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

    Айта кетейік, тамыз айында Бейнеу ауылында болған қақтығыс кезінде бір жас жігіт алған жарақатынан көз жұмған еді.

  • Оқушылары уланған Бейнеудегі мектеп асханасы жабылды

    Оқушылары уланған Бейнеудегі мектеп асханасы жабылды

    Оқушылардың тамақтан улануына байланысты санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізуге шешім шығарылып, әкімдіктің жанынан штаб құрылды.

    Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Манаш жалпы білім беретін мектептің 12 оқушысына қатысты тамақтан болатын топтық инфекциялық ауру фактісі бойынша тексеруде.

    Балалардың улануына байланысты Бейнеу аудандық полиция басқармасына, Маңғыстау облыстық полиция департаментіне, білім басқармасына, аудандық және облыстық прокуратураға хаттар жіберілді.

    Бейнеу аудандық полиция басқармасы хабарламасының негізінде мектептің асханасы жабылды.

    Тергеу шеңберінде басқарма мамандары ҰСО Маңғыстау облысы филиалының мамандарын тарта отырып, тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың, дезқұралдардың сынамаларын іріктей және қызметкерлерді ішек инфекциясын тасымалдауға зерттеп-қарай отырып, нысанға шығуды жүзеге асырды, сынамалардың нәтижелері жұмыста.

    Уланған амбулаториялық емделуде, медицина қызметкерлерінің бақылауында. Қабылдау бөлмесіне түскен кезде олар құсу, жалпы әлсіздік, іштің өтуі, іштің ауыруы, жағдайының қанағаттанарлық екені туралы шағымданды. 9-12 жас аралығындағы жасөспірімдер дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген.

    Сауалнамаға қатысқан мектеп оқушыларының ата-аналары ауруды мектептің асханасындағы сапасыз тамақпен байланыстырады, онда бастауыш сыныптардың 417 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған.