Метка: бейнежазба

  • МХҚКО емтихан кезіндегі апаттар тіркелген бейнежазбаны жария етті

    МХҚКО емтихан кезіндегі апаттар тіркелген бейнежазбаны жария етті

    Бейнероликте  МХҚКО автодромдарында түсірілген нақты кадрлар. Шымкентте емтихан тапсырушы маневр жасау кезінде көлікті аударып алды, ал Алматыда бір үміткер көлігін басқа көлікке соқты – бұл қаңтар айында Алматыдағы екінші жағдай болып отыр, деп хабарлайды Sona.kz gov4.kz-ке сілтеме жасап.

    Жалпы, мамандандырылған орталықтардағы емтихан алаңдарында жыл басынан бері 6 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қатысушылардың ішінде бес әйел және бір ер адам бар. Кандидаттар жол белгілерін немесе қоршауларды соғу, жол жиегінен шығу сияқты қателіктерге жол берген. Айта кетейік, 2025 жылы мұндай оқиғалар саны 64 болған.

    Мемлекеттік корпорация болашақ жүргізушілерге автомектепте оқуға жауапкершілікпен қарауды, жол ережелерін жан-жақты меңгеруді және жүргізуші куәлігін заңды әрі адал жолмен алуды ескертеді.

  • Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжалдың видеосы тарады

    Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжалдың видеосы тарады

    Желіде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалдың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Бұған дейін 2026 жылғы 21 қаңтарда Қарағанды қаласындағы спорт нысандарының бірінде екі басшы арасында сөзге келу болып, оның соңы төбелеске ұласқаны хабарланған еді. Оқиға салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алып, аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.

    Тараған видеода Серік Сәпиевке ұқсас адам кабинетке костюммен, қолында папка ұстап кіріп, біраз уақыттан кейін пиджагынсыз, ақ жейдемен жүгіріп шыққаны көрінеді.

    Қарағанды облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растаған.

    «Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. 21 қаңтарда спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал болғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ведомство мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

    Сонымен қатар журналистер Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментіне де сауал жолдаған.

    «Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалуына байланысты нақты ақпарат жоқ. Барлық процессуалдық шаралар аяқталғаннан кейін тиісті шешім қабылданады», — деп жауап берді департамент өкілдері.

    Серік Сәпиев  2012 жылғы Олимпиада чемпионы, бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Қазіргі таңда Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарады.

    Дәурен Есімханов  Серік Сәпиевтің орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия мен әлем чемпионаттарының жүлдегері, World Games күміс жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы.

  • Шымкенттегі жаппай шабуылдың тағы бір бейнежазбасы жарияланды

    Шымкенттегі жаппай шабуылдың тағы бір бейнежазбасы жарияланды

    Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласында болған жаппай шабуылға қатысты тағы бір бейнежазба тарады. Кадрларда бірнеше ер адамның жәбірленушіні ұрып-соғып, кейін оны күштеп автокөлікке отырғызғаны көрінеді, деп хабарлайды Sona.kz bugin.kz-ке сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, дәл осы шабуылдың салдарынан В. Колесников қаза тапқан. Бұған дейін ер адам жанжалдан кейін қала аумағынан тыс жерге әкетіліп, аудандық аурухананың маңына қалдырылғаны хабарланған болатын.

    Кейінірек оның мәйіті медициналық мекеме жанынан табылған. Оқиға қоғамда кең резонанс тудырып, қылмыстық іс құқық қорғау органдарының ерекше бақылауына алынған.

    Полицияның хабарлауынша, қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Тергеу барысында шабуылға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау көзделуде.

    Қылмыстық істің өзге мән-жайлары тергеу мүддесіне байланысты әзірге жария етілмейді.

  • Жаркенттегі соққы көрген баланың әкесі әйелін өзі полицияға тапсырды

    Жаркенттегі соққы көрген баланың әкесі әйелін өзі полицияға тапсырды

    Жаркент қаласында қатты соққыға жығылған баланың әкесі болған оқиға туралы полицияға өзі хабарлап, бейнежазбаны құқық қорғау органдарына тапсырған. Бұл туралы баланың әкесі Таир Курванжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sona.kz ктк арнасына сілтеме жасап.

    Оның айтуынша, ол бұған дейін де баласының денесіндегі көгерген іздерді байқап, ауырсынуға шағымданғанын көрген. Алайда бастапқыда жұбайының «балалар өзара ойнап жүріп жарақат алған» деген түсіндірмесіне сенген.

    Бейнежазбаға түскен оқиға ер адамның дүкенге шығып кеткен сәтінде болған. Әкесінің айтуынша, оның жоқ кезінде әйел адам баласына тағы да қол көтерген. Ол мұндай жағдайлар бұған дейін де болғанын алға тартты.

    Кейін ер адам учаскелік полиция қызметкерін өзі шақырып, жиналған материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырған. Нәтижесінде әйел адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бес жылдай некеде тұрған, екі баланы тәрбиелеп отыр — жастары 4 және 2-де. Сондай-ақ екі ата-ана да психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны хабарланды.

    Аталған дерек бойынша «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Балалар уақытша Талдықорған қаласындағы Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Олармен психологтар мен өзге де мамандар жұмыс істеуде. Оқиға уәкілетті органдардың бақылауында

  • Ресей полициясы Екатерина Биволдың қазақтар мен қырғыздарды қорлаған бейнежазбасын тексеруде

    Ресей полициясы Екатерина Биволдың қазақтар мен қырғыздарды қорлаған бейнежазбасын тексеруде

    Ресей ІІМ Екатерина Биволдың, қазақстандық кәсіпкердің бұрынғы әйелінің, қазақтар мен қырғыздарды нәсілдік белгі бойынша қорлаған видеосын таратуға байланысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, материалдар тексеріліп жатыр, тексеріс нәтижесі бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. 35 жастағы Санкт-Петербург тумасы Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарына қарата ар-намысты қорлайтын видеоны жариялаған. Биволдың аккаунты бұғатталғанымен, видео интернетте кең таралып, қоғамда резонанс тудырған.

    Тергеу әлі жалғасуда, бірнеше елдің құқық қорғау органдары ары қарайғы шараларды қарастыруда. Қазақстан бұрын Биволды экстрадициялау туралы өтініш жолдаған.

  • Перизат Қайрат соққыға жығылғанын айтты — тергеу изоляторынан бейнежазба жарияланды

    Перизат Қайрат соққыға жығылғанын айтты — тергеу изоляторынан бейнежазба жарияланды

    9 маусым күні Қайрат прокуратураға шағым түсіріп, изолятор қызметкері камераның есігін күшпен жауып, оны есік арасына қысып, дене жарақатын салғанын мәлімдеген.

    8 маусымда түсірілген видеода Перизат Қайрат камера есігінің ауыз тұсында біреумен сөйлесіп тұрғаны байқалады. Кейін көршісі әлдебір затты қызметкерге бергендей болады, артынша есік жабылады.

    Полицияның мәліметінше, бейнебақылау жазбалары зерттеліп, қызметкерлер мен куәгерлерден жауап алынған. Бастапқы тергеу нәтижесіне сәйкес, Қайрат көрсеткен уақытта дене жарақаты салынғаны дәлелденбеген.

    Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жалғасуда, сот-медициналық сараптама тағайындалған.