Метка: Бибігүл Төлегенова

  • Бибігүл Төлегенова 95 жасын атап өтті

    Бибігүл Төлегенова 95 жасын атап өтті

     Осыған орай Димаш Құдайберген өзінің парақшасында әсерлі құттықтау жариялады.

    Әртіс Бибігүл Төлегенованың шығармашылығына таңданысын білдіріп, оның әлемдік музыкалық мәдениетке қосқан айрықша үлесін атап өтті. КСРО мен Қазақ КСР Халық әртісі ХХ ғасырдың ең ұлы опера әншілерінің біріне айналды. Оның дауысы терең әрі жанды, тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де тыңдаушыларды баурап алған.

    «Бүгін біз Қазақстанның рухани әлемінің символы болатын қазақ мәдениетінің нағыз аңыз адамы, әйгілі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойын атап өтудеміз», – деп жазды Димаш.

  • Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады

    Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады

    Дубайда өткен (БАӘ) Distinctive International Arab Festivals Awards фестивальде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесіне ие болды.

    Әнші фестивальде Stranger концерттік турын таныстырды. Димаш Құдайберген жүлдесін рухани ұстазы Бибігүл Төлегеноваға арнады.

    Рухани ұстазымыз, ән әлемінде қызмет етіп жүрген млн-даған адамның анасы, әжесі – Бибігүл Төлегенова.  Бибігүл апайымыз 95 жасқа толды. Осы жеңісімді апайымыздың құрметіне арнасам деп шештім. Апайымыз менің әрбір сахнаға шығар сәтімде немесе басқа мемлекеттердегі халықаралық байқауға барар кезімде бата беруден аянбай, әрқашан болысып жүргенін білесіздер. Сондықтан тілеуімді тілеп отырған Бибігүл апайымызға осы сыйлықты арнағым келеді, — деді танымал әнші.

    Ол ұстазы жастайынан қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

    Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды-көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін, – деді Димаш Құдайберген.