Метка: Білім беру саласы

  • Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

    Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

    Білім саласында жымқырылған 1,5 млрд теңге мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

    Түркістан облысы прокуратурасының мәліметінше, білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған. Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысып жатыр, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді.

    Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңгеге мүліктері бұғатталды, – делінген хабарламада.

  • Мектепте жоқ қызметкерлерге 213 млн теңге жалақы төленген

    Мектепте жоқ қызметкерлерге 213 млн теңге жалақы төленген

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров білім саласындағы жемқорлықты айтты.  2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 287 қылмыстық іс тіркелген.

    «Жымқырудың ең көп сомасы Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында және Алматы қаласында анықталды. Қылмыс жасауда 386 адам әшкереленді, оның ішінде 207 адам сотталып, түрлі жазалау шараларына сотталды», – дейді Бегайдаров.

    Ол Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жаңақорған ауданының білім бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты іс жайлы айтты. Оған және оның қарамағындағыларға — бас бухгалтер мен бас экономистке, сондай-ақ 24 мектеп бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

    «Олар мектептерде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақы түрімен аудару арқылы 213 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған деп айыпталды. Бұдан басқа, Білім бөлімінің бас бухгалтері қылмыстық жолмен алынған 6,5 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатты заңдастырды деп айыпталды.Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді. Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тараз қаласы Политехникалық колледжінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша талапкерге жалпы білім беру грантын беруге көмектескені үшін пара алды деп айыпталып отыр», – дейлі ол.

    Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.

  • Антикор білім беру саласындағы жемқорлықты анықтады

    Антикор білім беру саласындағы жемқорлықты анықтады

    Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты.

    2022-2023 жылдары саладағы жемқорлықтан мемлекетке 17 млрд теңге залал келген. Мысалы, Талдықорған қаласында білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас бухгалтер, бірқатар мектеп директоры 4 млрд теңгеден астам қаржы ұрлаған. Тіпті, (күдіктілерді) ұстау барысында көліктен шамамен 1 млрд теңге табылды. Осыған ұқсас фактілерді өзге өңірлерде де анықтадық, — деді Ұлан Сарқұлов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

    Оның пікірінше, білім берудегі жемқорлықты жою үшін саланы цифрландыру керек.

    Адами факторды болдырмау үшін барлық процесті цифрландыру қажет. Іс-қағазды жүргізгенде манипуляция болмауы шарт. Қазір біз профилді министрліктер және әкімдіктермен түрлі ақпараттық жүйені енгізіп жатырмыз. Нәтижесінде мұндай деректердің айтарлықтай төмендегенін байқап отырмыз, — деді төрағаның орынбасары.