Метка: бишимбаев

  • Алаяқтық ісі: сотта Бишімбаевтің бұрынғы әйелі жауап берді

    Алаяқтық ісі: сотта Бишімбаевтің бұрынғы әйелі жауап берді

    Астанада аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Аталған іс бойынша талапкер ретінде сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің анасы қатысуда, деп хабаралайды Sona.kz CMN.KZ-ке сілтеме жасап.

    3 ақпанда өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаевтің бұрынғы жұбайы Назым Кахарманның куәгер ретіндегі көрсетілімін тыңдау жоспарланған.

    Сондай-ақ сот отырысына онлайн форматта Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша бұрын жауап берген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қосылды.

    Отырыс басында төрағалық етуші судья Назгүл Бапақова куәларды жауапқа тарту және олардың көрсетілімдерін жариялау кезінде фото, бейне және аудио түсірілім жүргізуге тыйым салды.

    Судьяның түсіндіруінше, бұл шешім сот отырысы барысында айтылған мәліметтердің мазмұнын бұрмалауға жол бермеу мақсатында қабылданған.

    Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтің анасы Альмира Нұрлыбекова туысын ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап, сотқа жүгінген болатын.

    Қазіргі уақытта сот тараптардың уәждерін тыңдап, іс материалдарын зерттеуді жалғастырып жатыр.

    Сот үкімі барлық мән-жайлар қаралғаннан кейін шығарылады.

  • Бишімбаевтің бауыры Бақытжан Байжанов амнистияға ілікті

    Бишімбаевтің бауыры Бақытжан Байжанов амнистияға ілікті

    Бақытжан Байжанов — бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтің бауыры — амнистия бойынша жаза мерзімін қысқартты. Бұл туралы Sona.kz хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Степногорск соты Байжановтың Конституцияның 30 жылдығына байланысты жазаны қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды. Түрме өкілі оның тәртібі жақсы екенін, бірнеше рет ынталандырылғанын атап өтті. Сот шешіміне осы факторлар әсер етті.

    Нәтижесінде жаза мерзімі 8 ай 8 күнге қысқарды. Енді Байжановтың өтеуге тиіс уақыты — 1 жыл 4 ай 17 күн.

    Ол түрмеде осыған дейін екі жылға жуық уақыт отырған. Сот шешімі заңды күшіне енді.

  • Бишімбаевтың ата-анасы туыстарын сотқа берді

    Бишімбаевтың ата-анасы туыстарын сотқа берді

    Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туыстары — Қайрат пен Бекзат Кемеловтерге қарсы екі талап-арыз түсірді. Анасы Бекзатты 1 млн долларды алдап алды деп, ал әкесі Қайратты жала жапты деп айыптаған.

    Адвокаттың айтуынша, Бекзат обыск болады деп қорқытып, «сақтай тұрамыз» деген сылтаумен 990 мың долларды алып кеткен. Ақша қайтарылмаған. Кейін Кемеловтар жаңа пәтер алғаны белгілі болды. Ақшаны қайтару талабына Бекзат «қайтармаймыз» деп жауап берген.

    2024 жылы қазанда іс қозғалды. Қазір Бекзат үйқамақта. Жала жабу ісі бойынша да сот жалғасып жатыр.

  • Актер Серік Шәріп ЖИ-видео жасаған адамды сотқа берді

    Актер Серік Шәріп ЖИ-видео жасаған адамды сотқа берді

    Актер Серік Шәріп Астана тұрғынының үстінен арыз түсірген. Threads желісінде Арман есімді қолданушы сәуір айының басында жасанды интеллект көмегімен жасалған видеоны жариялаған. Онда актер Серік Шәріп пен кісі өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың бейнесі қатар көрсетілген.

    Қиын сәтте әрдайым қасыңнан демеу болатын адам табылуы керек, – делінген видео кадрларындағы жазбада.

    Жарияланым 13 мыңнан астам лүпіл мен жүздеген пікір жинаған. Кеше кешкісін астаналық тұрғын актердің оған арыз жазғанын хабарлады.

    Бүгін маған Алмалы аудандық полиция басқармасынан қоңырау шалып, Шәріп Серік маған жалған ақпарат таратты деп арыз жазғанын айтты, – дейді ол.

    Желі қолданушыларының пікірлерінде белгілі адвокат Жохар Өтебеков азаматты сотта қорғауға дайын екенін білдірді.

    Мен – қылмыстық істер бойынша адвокатпын. Сізді қорғағым келеді. Бұл – тегін. Жеке хабарламаға жазыңыз, – деді Өтебеков.

    Видео авторының жазбаларының астындағы пікірлер екіге жарылды – біреулер контент-мейкерді қолдаса, енді біреулер оның әрекетін орынсыз деп тапты.

    Адамның басына түскен ауыр кезеңде оны масқаралаудың не қажеті бар? Сіз кісі өлтіру мен қол көтеруді салыстырып отырсыз. Шакенти кінәлі, және ол сот белгілеген жазасын алды. Бірақ сіздің әрекетіңіз – ең кемі адамшылыққа жатпайды.

    Бұл – юморлық ролик. Жасанды генерация екені анық байқалады, шындыққа жанасатын ештеңесі жоқ. Видеоның ешқандай репутациялық зиян келтірмегені көрініп тұр.

    Айтпақшы, жақында белгілі PR-маман Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатында Серік Шәріп осы видеоға қатысты пікір білдірген. Ол Киберполицияға арыз жазғанын растады.

    Барлығы: «қылмыс құрамы бар» дейді. Мен бұл адамдарды жазалағым келеді, – деді актер.

    Сондай-ақ, Шәріп өзіне Бишімбаевты теңеуге неге болмайтынына да жауап берді. “Бұл мені өте қатты ренжітті. Мен кісі өлтіруші емеспін. Мен «екінші Бишімбаев» бола алмаймын. Ол – оның өмірі, оның тағдыры, оның қатесі”, – деді ол.

  • Астаналық тұрғын: Балама «кішкентай Бишімбаев» деп тіл тигізіп, балабақшадан заңсыз шығарды

    Астаналық тұрғын: Балама «кішкентай Бишімбаев» деп тіл тигізіп, балабақшадан заңсыз шығарды

    Сарайшык ықшамауданының тұрғыны әкім Жеңіс Қасымбекке шағымданып, екі жасар баласының жеке балабақшада буллингке ұшырағанын айтты. Айтуынша, 2024 жылы тамызда барған балабақшадан ұлын 26 қыркүйекте ешбір ресми себепсіз шығарып жіберген.

    Бұған дейін балабақша қызметкерлері балаға «бейәдеп», «агрессивті», тіпті «кішкентай Бишімбаев» деген сөздер айтқан. Анасы бұл әрекеттерді әлеуметтік буллинг деп бағалап, прокуратураға, білім басқармасына және полицияға жүгінгенімен, іс қозғалмаған.

    Әкім Жеңіс Қасымбек жағдайды бақылауға алатынын айтып, құқық қорғау органдарына ресми арыз түсіруді ұсынды. Фактілер расталса, жауаптылар заң алдында жауап береді деді.

  • «Бишімбаев колониядан қашып кетті»

    «Бишімбаев колониядан қашып кетті»

    Әлеуметтік желіде әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді. Комитеттің хабарлауынша, бұл ақпарат – жалған.

    «Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың колониядан қашқаны туралы жалған ақпарат таратылуда. Бұл сотталған адам жазасын барынша қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатыр», – делінген хабарламада.

    ҚАЖ комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

    «Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

  • Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел сотқа тартылды

    Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел сотқа тартылды

    Астанада Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн теңге сұраған әйелге қатысты сот процесі өтіп жатыр.

    Бұған дейін Антикор Бишімбаевтың «үкімін жеңілдету» сылтауымен 100 млн теңге жымқырды деген күдік бойынша астаналық әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

    Тергеу Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша жүргізілген.

    Іс сотқа қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – 24-бабы 3-бөлігі және 367-бабы 4-бөлігі – 28-бабы 4-бөлігі бойынша түскен.

    17 қазанда Людмила Грачеваның ісі бойынша жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы оны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Бұған дейін Қуандық Бишібаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов экс-министрдің отбасынан 100 млн теңге сұраған әйел туралы айтты. Адвокаттың айтуынша, әйелге 100 млн теңге жалған ақша берілген. Ол сол сәтте ұсталған.

  • Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Айтбек Амангелді азаматтық істер жөніндегі сотқа талабында қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын айтқан.

    «Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап қоюды ішінара қанағаттандырды. Жауапкерден қылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге материалдық шығын мен 10 млн теңге моральдық залал өндірілді», — делінген елорда сотының шешімінде.

  • Бишімбаевқа лайықты бос жұмыс орны жоқ па?

    Бишімбаевқа лайықты бос жұмыс орны жоқ па?

    Сотталған экс-шенеунік жұмысқа орналаспаған. Азаматтық жұбайын өлтіргені үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жұмыс істемейді. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

    «Сотталған адам жазасын қауіпсіздік максималды мекемеде өтейді. Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты ол жұмысқа орналаспады», – деді ҚАЖК.

    Ведомство Бишімбаевтың күн тәртібі осындай мекемелердің ішкі тәртіп ережелерінің талаптарына сәйкес сақталатынын атап өтті.