Метка: Бишимбаевтің анасы

  • Бішімбаевтің анасы миллион доллардың шығу тегін түсіндірді

    Бішімбаевтің анасы миллион доллардың шығу тегін түсіндірді

    Сотта Альмира Нұрлыбекова 990 мың долларды туысына беруінің себебін түсіндіріп, барлық қаржының адал еңбекпен табылғанын айтты, Sona.kz t.me/tengrinews дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Оның сөзінше, кәсіпкерлікті саудадан бастап, Таразда мектеп, Аулие-Атада спа-салон мен университет ашқан. Кейін Шымкентке көшіп, түлектерді жұмысшы мамандықтарға үйретіп, консалтингтік компанияны іске қосып, стоматологиялық препараттар өндірісін ашқан.

    Нұрлыбекова барлық табыс заңды жолмен алынғанын, кәсіпкерлік және білім беру қызметімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

  • Бішімбаевтің анасы ақша неге туысқандарына тапсырылғанын түсіндірді

    Бішімбаевтің анасы ақша неге туысқандарына тапсырылғанын түсіндірді

    Сотта Альмира Нұрлыбекова туысқаны Бекзат Кемеловасына 990 мың доллар бергенін айтты. Ол Антикордың тексеруінен қорқып, осындай шешім қабылдаған, деп хабарлайды Sona.kz  Nur.kz — ке сілтеме жасап

    Нұрлыбекованың сөзінше, Кемелова оның туыстарын қамтитын 30 адамнан тұратын тізім туралы айтып, өзі тек Кемеловалардың аты жоқ екенін жеткізген. «Мен ақша сақтау үшін оған сеніп бердім», — деді Бішімбаевтің анасы.

    Кейін Кемелова ақшаны қайтармаған, ал оның күйеуі бұл жайлы білген соң, оны соққыға жыққанын хабарлаған.

    Бекзат Кемелова кінәсін мойындамайды. Ол Бішімбаевтер отбасының арызын күйеуінің бұрынғы сот-медициналық сарапшы ретінде Салтанат Нүкенова ісі бойынша “сараптамаларды бұрмалаудан” бас тартқанына реніш деп санайды.