Метка: «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысы

  • Перизат Қайраттың анасы ұсталды

    Перизат Қайраттың анасы ұсталды

    Перизат Қайраттың анасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Kozachkov offside» телеграм каналының жазуынша, оның анасы қайырымдылық қордан қаражат шығаруға көмектескен болуы мүмкін деген күдікке іліккен. 

    «Biz Birgemiz Qazaqstan» қорының басшысының қамауға алынуы жаңа деректермен толығуда. Енді іс бойынша Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева да күдікті ретінде қарастырылып отыр.

    Дереккөз мәліметінше, Ғайни Алашбаева кеше ұсталып, изоляторға қамалған, ол да 1,7 млрд теңгені жымқыру ісі бойынша күдікке ілінді. Тергеу мәліметтері бойынша, Перизат Қайраттың анасы қайырымдылық қордан қаражат шығаруға көмектескен болуы мүмкін. Алдағы күндері тергеу соты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін шешеді.

    Естеріңізге сала кетейік, Перизат Қайрат 1,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл қаржы Қазақстандағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған болатын. Сонымен қатар, оған Палестина тұрғындарына арналған гуманитарлық көмекті иемденді деген айып тағылуда.

  • Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңге ұрлады деген күдікпен ұсталды

    Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңге ұрлады деген күдікпен ұсталды

    Су тасқыны кезінде жапа шеккен халыққа көмектесуге құлшынған Перизат Қайрат қазір ел сенімін аяққа таптады деген күдікке ілінді.

    Қаржылық мониторинг агентігінің мәліметінше, ол 1,5 миллиард теңге ұрлаған болуы мүмкін. Бұл қаржы еліміздің әр аймағынан жиналып, қайырымдылық қоры арқылы мұқтаж жандарға бағытталуы тиіс еді.

    Алайда, сол қайырымдылық ақшасына Перизат ханым Астананың қымбат автосалондарынан бірнеше элиталық көлік сатып алды:

    Mercedes-Benz S450 – құны 88 миллион теңге;
    Lexus LX-600 – құны 80 миллион теңге;
    Haval – құны 39 миллион теңге.
    Қымбат көліктерден бөлек, Перизат «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» секілді элиталық тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығынан жылжымайтын мүлік сатып алды. Бұл мүліктердің жалпы құны 600 миллион теңгеге жеткен.

    ҚМА таратқан ақпаратқа сәйкес, ол Дубай, Доха, Лондон, Стамбұл қалаларына жиі барып, «St. Regis», «Shangri-La», «Palazzo Versace», «Kempinski» секілді бесжұлдызды қонақ үйлерде тоқтаған. Атақты «Cartier» мен «Louis Vuitton» брендтерінің әшекей бұйымдары мен аксессуарларын сатып алып, яхтада қыдырып, қымбат мейрамханаларда ас ішкен.

    Өзінің айла-тәсілін жүзеге асыру үшін, ол жақын достары мен туыстарын қатыстырған. Олар қайырымдылық қоры қаражатын 8% сыйақы үшін қолма-қол ақшаға айналдырған.

    Перизат Қайрат – «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысы. Көктемдегі ауқымды су тасқыны кезінде халықтың қайғысын өз жүрегінен өткізгендей болып, президентке бейнеүндеу жолдады. Онда мемлекеттік көмек жоқ екенін айтып, жанайқайын жеткізді. Алайда, бұл үндеуді көп ұзамай әлеуметтік желілерден өшіріп тастады.