Метка: блогерлер

  • 34 қазақстандық блогер онлайн-казино жарнамалағаны үшін жазаланды

    34 қазақстандық блогер онлайн-казино жарнамалағаны үшін жазаланды

    блда 34 танымал блогер заңсыз онлайн-казино жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір бөлігіне айыппұл салынса, қалған істер Мәдениет министрлігіне жолданған, деп хабарлайды Sona.kz. АФМ-ге сілтеме жасап.

    Анықталған мәліметке сәйкес, бірнеше танымал есім аталды. Рэпер Baller (Шыңғысхан Қопбаев) биылдың өзінде бес рет құмар ойындарды насихаттағаны үшін жазаланған. 600 мыңнан астам оқырманы бар блогер әрі музыкант Ринат Шамшыраққа да әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ Қайсар Камза мен Наиль Турғанов (Niko Net) тәртіп бұзушылардың қатарынан табылды. Соңғысы жарнама арқылы 8 млн теңгеден астам пайда тапқан.

    Нұрғазы Тоқтаров та назарға ілікті. Ол жазылушыларын белсенді түрде онлайн-казиноға тартқан. Жарнамадан тапқан 16 млн теңгенің жартысын өзі сол платформаларда ұтылып қалған. Ал Қайсар Камза Telegram-арнасын құмар ойындарды насихаттау алаңына айналдырып, нұсқаулықтар мен жалған «жеңіс» роликтерін жариялаған.

    Аталған іске бірқатар инфлюенсер қыздар да қатысты: Зухра Хакиева, Мариям Құлжабаева, Диана Халметова, Әсем Аубакирова, Арина Байкова және Кумисай Айымбетова.

    АФМ мәліметінше, кей блогерлер айыппұл төлегеннен кейін де заңсыз жарнаманы жалғастырған. Енді олардың ісі қылмыстық деңгейде қаралуы мүмкін – бұл әрекет заңсыз ойын бизнесіне көмектесу ретінде бағаланбақ.

  • 301 блогер мемлекетке салық төледі

    301 блогер мемлекетке салық төледі

    2025 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті 854 блогерге табысы бойынша хабарлама жолдаған. Оның 301-і өз табысын мойындап, 9,4 млрд теңге көлемінде кірісін декларациялап, 520,7 млн теңге салық төледі.

    Барлығы 80 мыңнан астам азаматқа камералдық бақылау нәтижесінде хабарлама жіберілген. Комитет блогерлерге арнайы тексеріс жүргізілмейтінін, салық заңнамасы баршаға бірдей қолданылатынын мәлімдеді.