Метка: Боксшы

  • Әйгілі боксшы Рой Джонс Астанаға келді

    Әйгілі боксшы Рой Джонс Астанаға келді

    Боксшымен бірге түскен суретті Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

    20 желтоқсанда Астанада ресейлік Fight Nights промоушенінің қолдауымен кәсіби бокс кеші өтеді. Басты іс-шарада рингке қатарынан алты жеңіс сериясында келе жатқан 31 жастағы қазақстандық Дәулет Дәукенов (14-2, 6 KO) шығады. Ол 34 жастағы эквадорлық Марлон Агуаспен (15-2, 9 КО) рейтингтік жекпе-жекте өнер көрсетеді.

    Boxrec рейтингінде Дәулет екінші жеңіл салмақ дәрежесінде 324-ші орында, ал Марлон жартылай орта салмақта 164-ші орында. Эквадорлық боксшы – Оңтүстік Американың жартылай орта дивизионының экс-чемпионы.

     

  • Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

    Ангелина Лукас әлем чемпионы атанды

    Қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Бангкокта (Тайланд) өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Ол әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Sports.kz.

    Ол аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) күш сынасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек 2 минуттан 10 раундқа есептелген болатын. Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.

    Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Ал оның қарсыласы Дебора Анай Лопес кәсіби бокста 3-рет жеңілді.

    Айта кетсек, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған болатын.