Метка: Болат Жәмішев

  • Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының төрағасы қызметінен кетті

    Болат Жәмішев «Қазақстан халқына» қорының төрағасы қызметінен кетті

    «Қазақстан халқына қоры» 2022 жылы құрылған болатын. Оны содан бері Болат Жәмішев басқарып келеді.

    Болат Жәмішев басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады.

    «Қазақстан халқына» қорының мәліметінше, қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болды, оның 62-сі іске асырылды.

    «Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды. Біздің бастамамызда қорды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Бірге айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және қор алдағы уақытта да дами беретініне сенемін. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», – деді Болат Жәмішев.

     

  • Болат Жәмішев: «Қазақстандағы қоғамдық қорлардың қызметі ашық емес»

    Болат Жәмішев: «Қазақстандағы қоғамдық қорлардың қызметі ашық емес»

    Ол  бұл туралы «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

    «Біздің қордың қызметіне үкімет те, әкімдіктер де араласпайтыны алдын ала анық болды. Иә, біз серіктеспіз. Әкімдіктердің немесе басқа да мемлекеттік құрылымдар жанынан қор құру идеясын мүлдем қажет емес деп ойлаймын. Биыл еліміздегі қайырымдылық деңгейін бағалайтын халықаралық рейтингтердің бірін көріп таң қалдым.

    Су тасқынына қатысты мәселелерді шешуге ұйымдардың қыруар қаржы бөлгеніне қарамастан, біз бұл рейтингтің төменгі жағында тұрмыз. Неліктен? Өйткені бұл қорлардың көпшілігінің жұмысы ашық емес».

    Журналистің «Барлық қордың жұмысы мөлдір емес пе?» деген сұрағына Болат Жәмішев былай деп жауап берді.

    «Иә, олардың есептерін еш жерден таба алмайсыз. Мен мұны жайдан жай айтып отырған жоқпын. Егер бұл қорлардағы қаражатты мемлекеттік құрылымдар басқаратын болса, олар жекеменшік пе, жоқ па, маңызды емес, бірақ кез келген жағдайда бақылауда болады. 

    Ал қайырымдылық жөнінен біздің еліміздің дүниежүзілік рейтингте соңғы орында тұрғаны мені қатты таң қалдырды. Бұл негізінен қайырымдылыққа жұмсалған сомамен өлшенеді. Мұның себебін – қаражаттың ашық еместігінен деуге болады», – дейді бұрынғы Қаржы министрі.