Метка: Бұрынғы әйелі

  • ​Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған азамат сотталды

    ​Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған азамат сотталды

    Өткен жылы Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, балаларын көрсетпей жүргені үшін мойнына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқан.

    Аталған азамат бұған дейін сотты болған, лудоманиямен ауырғанына байланысты ажырасқан. Күдікті жәбірленушінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамай, оны пышақпен қорқытып аулада тұрған автокөлікті өзіне басқартып, ол жерден бой тасалаған.

    Сол күні арнайы іс шара жүргізу барысында күдікті Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды.

    Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, алдыңғы үкім бойынша өтелмеген 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын ішінара қосып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Сот үкімі заңды күшіне енген.

  • Ер адам бұрынғы әйелін көлікпен қасақана қағып кеткен

    Ер адам бұрынғы әйелін көлікпен қасақана қағып кеткен

    2025 жылы 6 қаңтар күні таңертең Павлодарда 41 жастағы әйелді көлік қағып, ауыр жарақат алған. Көлікті оның бұрынғы азаматтық күйеуі жүргізген.

    Жәбірленушінің достарының айтуынша, ол алты жылдық қарым-қатынастан кейінгі айырылысуды қабылдай алмаған. Қайғылы оқиға болған күні ол әйеліне қоңырау шалып, жұмысқа апарып тастауды ұсынған. Әйел бас тартса да, ер адам көндірген. Жолда тағы да жанжалдасқан. Жеткен кезде, ол әйелді көліктен шығармай қойған. Жәбірленуші қашып, аялдамаға қарай жүгірген. Сол сәтте ер адам оны көлікпен қағып кетті.

    Дәрігерлер жамбас сүйегінің бірнеше жерден сынғанын, жұмсақ тіндердің жыртылғанын және қатты қан жоғалтқанын анықтады. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір аяғын ампутация жасауға тура келді.

    Полиция тергеу жүргізуде.