Метка: Бурабай

  • Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтай қорытындысы бойынша 6 заң қабылданып, 10 заң жобасы іске қосылды

    Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтай қорытындысы бойынша 6 заң қабылданып, 10 заң жобасы іске қосылды

    Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтай барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайда өткен төртінші құрылтайдың негізгі қорытындыларын атап өтті.

    Ол Бурабай құрылтайынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілгенін еске салды. Аталған жоспар аясында бірқатар бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді.

    «Атап айтқанда, Парламент депутаттарының қолдауымен өткен жылы алты заң қабылданды», — деді Ерлан Қарин.

    Мемлекеттік кеңесші атап өткендей, қабылданған заңдар балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз контенттің таралуын шектеу, жеке меншік нысандардың атауларын жүйелеу, қоғамдық орындарда бетті жасыратын киім киюді шектеу және археология саласын реттеу сияқты бағыттарды қамтыған.

    «Сонымен қатар, осы кезеңде тағы 10 заң жобасы жұмысқа қабылданды», — деп қосты ол.

    Естеріңізге сала кетейік, Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен V Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталғаны хабарланған еді.

  • Бурабайда өрт сөндіру бөлімдері не себепті жабылып жатыр: ТЖД түсіндірмесі

    Бурабайда өрт сөндіру бөлімдері не себепті жабылып жатыр: ТЖД түсіндірмесі

    Ақмола облысының Бурабай ауданында бірқатар өрт сөндіру бөлімдерінің жабылуы мүмкін деген ақпарат қоғамда алаңдаушылық туғызды. Бұған байланысты Щучинск қаласы мен Бурабай кентіндегі № 5, № 20 және № 27 өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлерінің жұбайлары бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Үндеуде әйелдер бұл бөлімшелердің ондаған жыл бойы орманды, курорттық аймақта халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келгенін атап өтті. Олардың айтуынша, өрт қаупі жоғары өңірде бөлімдердің жабылуы тұрғын үйлердің, оның ішінде пешпен жылытылатын үйлердің қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

    Жағдайға қатысты Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. Департаменттің мәліметінше, ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістер аясында Щучинск ауданының ПЧ-5 және Бурабай ауданының ПЧ-20 бөлімдерінің штаттық бірліктері облыстық ТЖД құрамындағы пристоличный өрт сөндіру бөлімдеріне қайта бөлінген.

    Ведомство қысқартуға іліккен қызметкерлер жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімдеріне жұмысқа орналастырылатынын, бұл олардың кәсіби тәжірибесі мен әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға мүмкіндік беретінін хабарлады. Сонымен қатар, қызметкерлер өзгерістер туралы алдын ала хабардар болғаны және қызметін жалғастыруға дайын екені айтылды.

    ТЖД өкілдері шешімнің негізгі себебі ретінде пристоличный аудандардағы халық санының өсуін және сол өңірлердегі жүктеменің артуын атады. Ал Бурабай ауданында өртке шығу саны салыстырмалы түрде төмен болған: 2024 жылы ПЧ-5 және ПЧ-20 бөлімшелері барлығы 27 рет ғана өртке шыққан.

    Сондай-ақ департамент 1956 және 1961 жылдары пайдалануға берілген ПЧ-5 пен ПЧ-20 ғимараттарының тозығы жетіп, апатты жағдайда тұрғанын және жеке құрам үшін қауіп төндіретінін мәлімдеді. Оның орнына ауданда бұған дейін толық жабдықталған үш мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі салынған, олар қазіргі уақытта Щучинск-Бурабай курорттық аймағының бүкіл аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.

  • Астанадан Бурабайға жаңа жылдам пойыз іске қосылды

    Астанадан Бурабайға жаңа жылдам пойыз іске қосылды

    Маршрут уақыты: Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабайға жетеді. Қайтар жолда сағат 14:15-те шығып, 17:00-де елордаға келеді.

    Билет бағасы:
    • 1-класс – 5 805 ₸
    • 2-класс – 3 586 ₸
    • 3-класс – 2 962 ₸

    Пойыз 374 орынға арналған 6 вагоннан тұрады. Жолаушыларға Wi-Fi, USB қосқыштары, биодәретханалар мен бейнебақылау жүйесі қарастырылған. Бірінші класта – жеке монитор, ыңғайлы кресло және алғаш рет – борттағы тамақ ұсынылады. Екінші класта – буфет-купе жұмыс істейді. Үшінші класта – велоқойма мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құрылғылар бар.

    Rixos Borovoe қонақ үйіне баратын жолаушылар үшін теміржол вокзалынан тегін трансфер қарастырылған.

  • Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды – Президент

    Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды – Президент

    Үш жылда саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

    «Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр. Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды игі амалдар жасауға үндейді. Асыл қасиеттерімізді кеңінен дәріптейді. Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы осыдан үш жыл бұрын наурыз айында арнайы Жолдау жариялағанын еске салды.

    «Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жасайтынымызды айттым. Сол кезде алғаш рет Ұлттық құрылтай туралы бастама көтердім. Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Конституциялық сот құрылды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды. Басқа да бағыттарда маңызды реформалар жасалды», – деді Президент.

  • Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды

    Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды

    Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды.

    Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

    Айта кету керек, құрылтайдың панельдік сессиялары кеше басталған. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды.

  • Ертең Бурабайда Ұлттық құрылтай өтеді

    Ертең Бурабайда Ұлттық құрылтай өтеді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.

    Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

    Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

    Айта кету керек, Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы Ұлытауда,  2023 жылы Түркістанда,  2024 жылы Атырауда өтті.