Метка: Цифрландыру

  • Тоқаев цифрландырудағы жүйелік мәселелерге назар аударды

    Тоқаев цифрландырудағы жүйелік мәселелерге назар аударды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мәселесіне қатысты сөйлеген сөзінде мемлекеттік цифрлық жүйелердің жұмысында соңғы уақытта жиі ақаулар тіркеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sona.kz.

    Мемлекет басшысының айтуынша, бұл проблемалар негізінен қолданылып отырған IT-шешімдердің технологиялық тұрғыдан ескіруімен және басқару сапасының төмендігімен байланысты.

    Президент цифрландыру тақырыбын қозғау барысында белгілі бір сөз тіркесін еске салды. Оның айтуынша, «ақшамен кез келген адам құрылыс сала алады», алайда мәселе қаражат көлемінде емес, басқару мен жүйелі тәсілде.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдында бірыңғай цифрлық платформаға көшу жөнінде маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Бұл қадам мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымды жүйелеуге бағытталған.

    Президенттің айтуынша, бұған дейін әрбір мемлекеттік орган цифрландыруды өз бетінше жүзеге асырған. Біртұтас бақылаудың болмауы техникалық қиындықтармен қатар, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелген.

    Мемлекет басшысы Бас прокуратурада өткен кеңесте Үкімет өкілі барлық жүйелерді біріктіру үшін қажет қаражат көлемін атағанын жеткізді.

    Сонымен қатар Президент мұндай көлемдегі қаражаттың жоқ екенін және болмайтынын атап өтті. Осыған байланысты Үкіметке бюджеттен қомақты қаражат талап етпейтін нақты жұмыс жоспарын ұсыну тапсырылды.

  • Сумен жабдықтау жүйелерін цифрландыру: 2028 жылға дейін Қазақстанда 3,6 млн «ақылды» есептегіш орнатылады

    Сумен жабдықтау жүйелерін цифрландыру: 2028 жылға дейін Қазақстанда 3,6 млн «ақылды» есептегіш орнатылады

    Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Кажкенов Үкімет отырысында сумен жабдықтау және су төгетін жүйелерді цифрландыру коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялаудың негізгі бөлігі екенін хабарлады. Бұл тұрақты пайдалану, жүйелі басқару, бақылау және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, Sona.kz

    Жұмыс аясында АСУ ТП және телеметрия технологиясы бар есептегіштерге арналған стандарттар әзірленуде, олар деректерді байланыс арналары арқылы автоматты түрде жинауға мүмкіндік береді.

    📌 «Ақылды» есептегіштерді енгізу жоспары:
    — 2026–2028 жылдары 3,6 млн астам су есептегіші орнатылады, бұл суды үнемдеуді оңтайландырып, жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартады.
    — Астана, Шымкент, Орал, Экибастұз және Шахтинск қалаларындағы сумен жабдықтау қызметтері бағаланды. Нәтижесінде процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленді, цифрлық шешімдер біртіндеп енгізіледі.
    — Акиматтар мен табиғи монополия субъектілерімен сумен жабдықтау жүйелерін цифрландыруға арналған өтінімдер дайындалуда.

    Сонымен қатар, 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Мемлекет Басшысының Жолдауына сәйкес халықаралық тәжірибе тарту жоспарлануда: Veolia, Suez және Aqualia компанияларымен меморандумдар жасалды. Жұмыс мемлекеттік бақылауды сақтай отырып, басқарушылық шешімдер мен озық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.

    Қазіргі уақытта елдің су инфрақұрылымын басқарудағы тәжірибені кеңейту үшін бірнеше азиялық компаниямен келіссөздер жүргізілуде.

  • Қонаевта аялдамалар цифрландырылуда

    Қонаевта аялдамалар цифрландырылуда

    Биыл Қонаев қаласында 16 жаңа аялдама қойылды. Қазір олар цифрландырылып жатыр.

    Әкім жаңа технологиялардың енгізілу жұмысымен танысты. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиевтің сөзінше, әр аялдамада 4 бейнебақылау камералары орнатылған. Олар 30-50 метрге дейін адамның бет-әлпетін, кез келген іс-қимылды жақындатып көрсете алады.

    «Вандализммен күрес үшін камераларды орнатып жатырмыз. Жақын арада оларды Жедел басқару орталығына қосамыз. Сонда мемлекет мүлкін бүлдіргендерді тез арада тауып алуға мүмкіндік туады», — деді ол.

    Сонымен қатар нысанның ішінде телефонды қуаттағыштар мен автобустардың бағыттарын, қозғалысын көрсететін бағдарламасы бар монитор қойылған. Тегін Wi-Fi орнату мақсатында ірі компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.

    «Аялдамалар автобустар жүретін уақытта ғана ашық болады. Бұл — тазалықты, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жасалатын амал», — деді бөлім басшысы.

    Алдағы уақытта шаһардағы барлық аялдамаларды бірыңғай келбетке келтіру жоспарлануда.

    Шаһар басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды тездетуді тапсырды.

    Ал тұрғындар аялдамаларға жарнама ілу, сындыру, тәртіп бұзу фактілері бойынша 109 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

    Айта кетейік, былтыр Қонаевта 34 жаңа аялдама қойылған болатын.

  • Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібін өзгертуді ұсынды

    Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібін өзгертуді ұсынды

    Қазақстанда зейнетақы тағайындау процесі толығымен автоматтандырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    Цифрлық даму вице-министрі Қаныш Төлеушиннің айтуынша, жаңа тәсіл пилоттық режимде енгізілген. Енді азаматтар зейнетке шығу үшін құжат жинап, өтініш берудің қажеті жоқ — жүйе жасына қарай автоматты түрде зейнетақыны рәсімдейді.

    Алгоритм жасты өзі есептейді
    Еңбек өтілін тексереді
    Жүйе проактивті түрде төлем тағайындайды

    Осылайша қызмет көрсету мерзімі 10 күннен 1 күнге дейін қысқарып, рәсімдеу қадамдары 6-дан 1-ге дейін азайтылған.

    Еңбек министрлігіне жобаны ел көлемінде енгізу ұсынылды.

  • Қазақстан IT саласы бойынша 24-ші орында

    Қазақстан IT саласы бойынша 24-ші орында

    Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

    Бүгінде интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. 2024 жылы Қазақстанның IT-саласы қарқынды өсімді көрсетті. IT-компаниялардың саны 18 683-ке жетті. Соңғы үш жылда 16% өсім.

    «IT-мамандарға сұраныс артып келеді. Қазіргі уақытта IT-саладағы жұмыспен қамту 12%-ға артып, 187 мың адамға жетті. Бұл саладағы орташа айлық жалақы 2024 жылы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгеге жетті», — делінген хабарламада.

    Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке IT-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда олар ақпараттық технологиялар саласында 16 мыңнан астам сарапшы дайындады.