Метка: Цифрлық даму министрлігі

  • Елімізде туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

    Елімізде туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

    2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.

    Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл ХҚКО-ға бармай-ақ туу туралы куәлік алуға мүмкіндік береді.Атап айтқанда, АХАТ органдары берген электронды құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электрондық апостильді қолдануды дамыту жоспарланып отыр.

    Жаңа өзгерістер азаматтарға аталған құжаттарды алуға және оларға бір өтініш шеңберінде апостиль қоюға мүмкіндік береді. Бұл қызметке 2025 жылдың төртінші тоқсанында қол жеткізілетін болады.

    Сондай-ақ заң көмегін көрсету саласында Әділет министрлігі 2025 жылы Атқарушылық жазба жасау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Ол «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесіне талаптардың даусыз екендігі және борышты тану, борышкердің жеке кабинеті арқылы қарсылық беру туралы растайтын құжаттарды салуды, сондай-ақ нотариустың борышкердің (жеке немесе заңды тұлға) тіркелген жері бойынша ғана атқарушылық жазба жасауын көздейді.

    Бұл бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыруға, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.

  • Қазақстанда ЖИ бойынша білім беру бағдарламалары әзірленеді

    Қазақстанда ЖИ бойынша білім беру бағдарламалары әзірленеді

    Үкімет отырысында премьер-министр Жасанды интеллектіні дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Жасанды интеллект туралы жаңа заң аясында цифрлық трансформациялау және тиісті шешімдерді енгізу жұмыстарын күшейту үшін бірқатар тапсырма берді.

    Халықтың жасанды интеллект саласындағы жаңалықтардан хабардарлығының төмендігін ескере отырып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қолданыстағы цифрлық шешімдерді одан әрі жетілдіру және оларды пайдалану туралы жұртшылықты ақпараттандыру міндеті қойылды.

    Сонымен қатар премьер-министр Цифрлық даму министрлігіне өңір әкімдерімен бірге келесі жылы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жасанды интеллект құралдарына оқыту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстарын дайындауы керек.

  • Қазақстанда Telegram кеңсесі ашылады

    Қазақстанда Telegram кеңсесі ашылады

    Қазақстанда контенттерді бақылауды арттыру үшін Telegram өкілі тағайындалып, кеңсесі ашылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев пен Meta мен Apple сияқты ірі компаниялардың өкілдерімен кездесу барысында белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

    Кездесуде мәліметтер қауіпсіздігі, жалған аккаунттармен күрес және пайдаланушыларды қорғауға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

    Біз, сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді – бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам, – деп атап өтті Жаслан Мадиев.

    Сонымен қатар, министрлік Meta компаниясымен алаяқтық схемаларға қарсы күрес жұмыстарын бастауға алды. Meta өкілдері Қазақстан тап болып отырған интернет-алаяқтық көптеген елдер үшін ортақ проблема екенін атап өтті. Соңғы тоқсанда Meta жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, әлем бойынша 1,2 миллиард жалған аккаунтты бұғаттады.

    Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың цифрлық платформаларда қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді инфрақұрылымды құру үшін халықаралық серіктестермен жұмысын жалғастырады.