Метка: Дабыл жүйесі

  • 6 наурыз күні 9 өңірде дабыл жүйесі қосылады

    6 наурыз күні 9 өңірде дабыл жүйесі қосылады

    «6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі өтеді», – делінген хабарламада.

    Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

    «Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 2025 жылғы 6 наурызда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз», – делінген ТЖМ хабарламасында.

  • Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады

    Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады

    Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, шара «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі.

    – «Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.Оны естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты алыс қашықтыққа нұсқаулар алу үшін оқу керек, – деп атап өтті ведомстводан.