Метка: Дәрігерлер

  • Алматы дәрігерлері Таиландта жарақат алған оқушының өмірін сақтап қалды

    Алматы дәрігерлері Таиландта жарақат алған оқушының өмірін сақтап қалды

    12 жастағы оқушы Таиландта серуендік катер мен балық аулау кемесінің соқтығысуы салдарынан ауыр жарақат алды. Оқиға 11 қаңтар күні болған, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Туыстарының айтуынша, оқиғадан кейін көрсетілген медициналық көмек шектеулі болған, ал одан арғы емдеу толықтай ақылы негізде жүргізілген.

    Зардап шеккен баланың әпкесі Аида Қожамбердиева өзі де жарақат алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қабырғалары сынып, өкпесі зақымданған, ал суда оған бейтаныс әйел көмектескен.

    Қазақстанға жеткізілгеннен кейін бала Алматы қаласында шұғыл тексеруден өткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.

    Дәрігерлер бір мезетте екі күрделі операция жасады — жараны тазалау және хирургиялық өңдеу, сондай-ақ тері көшіру операциясы жүргізілді.

    Мамандар баланың жағдайы ауыр болғанын және асқыну қаупі жоғары екенін атап өтті.

    Хирургтердің айтуынша, медициналық көмек бірнеше күнге кешіккен жағдайда аяқ-қолын ампутациялау қаупі туындаған.

    Қазіргі уақытта бала дәрігерлердің тұрақты бақылауында ем қабылдап жатыр.

  • Жаңа заң жобасы: дәрігерлерге шабуыл жасағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Жаңа заң жобасы: дәрігерлерге шабуыл жасағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Қазақстанда ақ халаттыларға күш қолданғандарға қатысты жаза қатаңдатылмақ. Мәжілісте қаралып жатқан жаңа заң жобасында дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасағандар 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, соңғы жылдары медицина қызметкерлеріне қол көтеру деректері жиілеген.

    «Кейде дәрігерлерді немесе жедел жәрдем жүргізушілерін ұрып-соғу жағдайлары орын алады. Сондықтан дәрігерлер өз қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Біз ең алдымен жазаны қатаңдатуды ұсынып отырмыз», – деді депутат.

    Заң жобасында:
    • Егер дәрігерге денсаулығына нұқсан келтірмей күш қолданылса — 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 1 000 АЕК көлемінде айыппұл;
    • Ал ауыр жарақат келтірілсе — 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

    Аймағамбетовтің айтуынша, бұл шаралар ең алдымен дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерін қорғау мақсатында енгізілуде. Құжат бойынша жұмыс тобы құрылып, жақын арада Мәжілісте бірінші оқылымда қаралады.

  • ️Алматыда ана дәрігерлерді баласының өліміне кінәлады

    ️Алматыда ана дәрігерлерді баласының өліміне кінәлады

    Алматыда ана баласының өліміне дәрігерлерді айыптады. Желіде тараған бейнежазбада әйел жылап тұрып, дәрігерлер уақытында көмек көрсетпегенін айтады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Айтуынша, 1-5 қазан аралығында бала іші ауырып, зәр шығара алмай, тамақ ішпей, қатты қиналған. 6 қазанда жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жеткізілген. Бірақ дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

    Бейнежазбада дәрігер: «Көрсеткіш болған жоқ», – дейді. Анасы көз жасын тыя алмай: «Қалай жоқ?! Ол тұтас мұздай болған!» – деп жауап береді.

    Сараптама қорытындысына сәйкес, баланың өліміне ішек бұралуы (заворот кишок) себеп болған. Бұл дерт дер кезінде және дұрыс ем қолданылған жағдайда жазылатын ауру.

    Бала туыстары оқиғаны дәрігерлердің салғырттығынан болды деп санайды.

    Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға байланысты объективті тексеру жүргізу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне хат жолдағанын хабарлады.
    «Тексеру және сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша түпкілікті қорытынды ұсынылады», – делінген басқарма мәлімдемесінде.

  • Дәрігерлерге жасалған шабуылдардан кейін күзет күшейтілді

    Дәрігерлерге жасалған шабуылдардан кейін күзет күшейтілді

    Астанадағы алты ауруханада медицина қызметкерлерін қорғау мақсатында тәулік бойы полиция бекеттері қойылды.

    Бұл туралы Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кезекшілік полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырылған. Криминалдық және жергілікті полиция қызметкерлері енді қабылдау бөлімшелерінде кезекшілік атқарады — дәл осы жерлерде жанжалдар жиі туындайды.

    «Азаматтар тарапынан құқықбұзушылық орын алса, полиция заң шеңберінде әрекет етеді. Соңғы уақытта дәрігерлерге қарсы негізсіз агрессия көбейіп кетті. Костанай облысындағы резонансты жағдай — мұның дәлелі», — деді басқарма басшысының орынбасары Қадыр Жарасбаев.

    Қазіргі уақытта үш ересектерге арналған көпбейінді ауруханада, №2 қалалық балалар ауруханасында және екі республикалық клиникада күзет ұйымдастырылған. Жақын күндері №1 және №3 балалар ауруханаларында, сондай-ақ перинаталдық орталықта да посттар қойылмақ.

    Медқызметкерлер бұл шешімді оң бағалап отыр.

    «Бекеттердің қойылуы бізге сенімділік береді. Күніне 400-ге жуық адам түрлі жарақатпен бізге жүгінеді. Пациенттер ғана емес, туыстары да агрессия танытады. Әркімге шұғыл көмек қажет, бірақ Triage жүйесі бойынша әр науқастың өз кезегі бар. Өкінішке қарай, дәрігерге деген құрмет жиі байқалмайды», — дейді №2 қалалық көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мәдина Тәбиолдина.

  • Қонаев дәрігерлері 3 жасар баланың жанын аман сақтап қалды

    Қонаев дәрігерлері 3 жасар баланың жанын аман сақтап қалды

    Абдурауф Абылайханның ата-анасы 18 шілде күні Қонаев қаласындағы жағажайлардың біріне демалуға келген. Алайда, абайсызда 3 жасар Абылай баллоннан сырғып түсіп, су астына кетіп қалған.

    Абырой болғанда әкесі жедел әрекет етіп, баланы алып шыққан. Балақай бірден Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген.

    Аурухана директоры Айман Ракишеваның ақпаратына сүйенсек, бала ауруханаға келгенше ес-түсін жоғалтып үлгерген. Жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алдыру аппаратына алынып, 1 күнде есін жиған.

    «Дәрігерлер қолдан келгенін аянып қалған жоқ. Барлық ем-домды дер кезінде көрсетті. Алғысымыз шексіз», — деді баланың анасы Алуа Мерлібай алғысын білдіріп.

    Оның сөзінше, әкімдік мамандары отбасын қонақ үйге орналастырып, жағдайды бақылауға алып, көмек көрсеткен.

    «Әкімдік мамандары да жанымыздан табылды. Рақметтен басқа айтарымыз жоқ», — деді әйел.

    Аурухана директорының мәліметіне сәйкес, шомылу маусымы басталғалы 7 адам ауыр халде жансақтау бөліміне түскен. Барлығы дін аман, үйлеріне оралған.

    Абдурауф Абылайханның ата-анасы 18 шілде күні Қонаев қаласындағы жағажайлардың біріне демалуға келген. Алайда, абайсызда 3 жасар Абылай баллоннан сырғып түсіп, су астына кетіп қалған.

    Абырой болғанда әкесі жедел әрекет етіп, баланы алып шыққан. Балақай бірден Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген.

    Аурухана директоры Айман Ракишеваның ақпаратына сүйенсек, бала ауруханаға келгенше ес-түсін жоғалтып үлгерген. Жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алдыру аппаратына алынып, 1 күнде есін жиған.

    «Дәрігерлер қолдан келгенін аянып қалған жоқ. Барлық ем-домды дер кезінде көрсетті. Алғысымыз шексіз», — деді баланың анасы Алуа Мерлібай алғысын білдіріп.

    Оның сөзінше, әкімдік мамандары отбасын қонақ үйге орналастырып, жағдайды бақылауға алып, көмек көрсеткен.

    «Әкімдік мамандары да жанымыздан табылды. Рақметтен басқа айтарымыз жоқ», — деді әйел.

    Аурухана директорының мәліметіне сәйкес, шомылу маусымы басталғалы 7 адам ауыр халде жансақтау бөліміне түскен. Барлығы дін аман, үйлеріне оралған.

    «Суға бату фактісі бойынша 27 адам аурухана көмегіне жүгінді. Оның ішінде жетеуі — ауыр халде. Демалушылар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтаса екен», — деді Айман Ракишева.

    Ал №5 және №6 жағажайлардың құтқарушылары 40-қа жуық адамды судан алып шыққан, оларға кезекші медбикелер алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

    «Суға бату фактісі бойынша 27 адам аурухана көмегіне жүгінді. Оның ішінде жетеуі — ауыр халде. Демалушылар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтаса екен», — деді Айман Ракишева.

    Ал №5 және №6 жағажайлардың құтқарушылары 40-қа жуық адамды судан алып шыққан, оларға кезекші медбикелер алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

  • Ауылға баратын дәрігерлерге 393 мың теңге жәрдемақы беріледі

    Ауылға баратын дәрігерлерге 393 мың теңге жәрдемақы беріледі

    Мәжіліс депутаты, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

    Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 60 адамға арналған медициналық мекеме «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынған. Мұнда 3 дәрігер, 13 орта медицина қызметкері және бір психолог жұмыс істейді. Аталған амбулатория ауылдағы 5 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді.

    Гүлдара Нұрымова ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін ауылды жерлерге көшіп келген мамандарға 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төленетінін атап өтті. Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңға енгізілген бұл норма «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған.

    «Мемлекет денсаулық сақтау саласына үнемі ерекше көңіл бөледі. Биыл дәрігерлерді қорғауға, олардың мәртебесін көтеруге бағытталған сапалы жаңа заң күшіне енді. Бірқатар әлеуметтік кепілдіктер енгізіліп, құқықтық қорғау күшейтілді. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарда медицина қызметкерлерінің балаларына бірінші кезекте орын беріледі, басы артық есеп беру мәселесі қысқартылады, дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігі сақтандырылады және басқа да өзгерістер бар. Медициналық жоғары оқу орындарының жас түлектері олардың көмегі адамдарға шынымен де қажет екенін және мемлекет тарапынан жасалатын қолдау шаралары дәл осыған бағытталғанын анық түсінуге тиіс», – деді депутат.  

    Айта кетейік, былтыр Жамбыл облысында партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 20 медициналық нысан пайдалануға беріліп, екі емханаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. 18 бірлік медициналық диагностикалық техника (томографтар, УДЗ аппараттары және т.б.), 38 санитарлық көлік сатып алынды. Бұл қадамдар ерте диагностиканы жақсартуға, жедел жәрдем жұмысының сапасын және ауылды жерлерде медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.