Метка: Дастан Сәтпаев

  • Дастан Сатпаев Уэльске келгенде жанкүйерлердің ықыласына бөленді

    Дастан Сатпаев Уэльске келгенде жанкүйерлердің ықыласына бөленді

    Әсіресе, 16 жастағы Дастан Сатпаев көптің назарында болды.

    Аэропортта жиналған қазақстандық жанкүйерлерден жас футболшыға қолтаңба сұрағандар көп болды. “Қайраттың” түлегі әрі лондондық “Челсиге” тиесілі вингер ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 16 жас 7 ай 8 күнінде өткізіп, рекорд жаңартқан еді.

    Еске салсақ, ақпан айында “Қайрат” Сатпаевтың “Челсиге” сатылғанын хабарлады. Бірақ жас талант Англияға 18 жасқа толған соң ғана ауысады, ал оған дейін “Қайратта” ойнайды.

    Қазақстан мен Уэльс арасындағы матч 22-23 наурыз түнгі 00:45-те өтеді. Бұл ойын ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқаратын Әли Әлиев үшін алғашқы ресми кездесу болмақ.

  • Дастан Сәтпаев «Челси» клубының ойыншысы атанды

    Дастан Сәтпаев «Челси» клубының ойыншысы атанды

    Алматылық «Қайрат» пен лондондық «Челси» клубы 16 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

    2026 жылдың жазында кәмелеттік жасқа толған соң ресми түрде ағылшын командасына қосылады. Ол уақытқа дейін Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.

    Дастан Алматыда дүниеге келген. 8 жасында «Қайрат» Академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.

    Айта кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Сәтбаев «Қайрат» командасында дебют жасаған ең жас ойыншы ретінде тарихқа енді. Өткен QJ лигасында жас футболшы 28 ойында 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Сәтбаев маусымның үздік ойыншысы атағын алды. Ал УЕФА жасөспірімдер лигасында (U19) 16 жасар футболшы төрт матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

  • Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев ағылшындық «Челси» клубына ауысады

    Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев ағылшындық «Челси» клубына ауысады

    «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев футболдық карьерасын «Челси» сапында жалғастырады. Бұл metaratings.kz порталы жазды.

    Лондондық «Челси» футбол клубы Дастан Сәтпаевты өз қатарларына қосу туралы нақты шешім қабылдады. Жақын арада алматылық клубпен лондондық команда келісімшартқа қол қояды.

    Трансферлік ауысым келесі аптада болады деп жоспарланған. Сәтпаевтың 18 жасқа толмауына байланысты келісімшарттың егжей-тегжейі әлі белгісіз.

    Бұған дейін футболдан Қазақстан U-19 құрамасының шабуылшысы 2024 жылдың желтоқсан айында лондондық «Челси» клубында қаралымнан өткен еді.