Метка: Дәулет Тұрлыханов

  • Апелляциялық сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкімді қайта қарады

    Апелляциялық сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкімді қайта қарады

    Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы депутаттың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарады.

    – Апелляциялық шағым қаралып, өзгеріссіз қалдырылды, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары апелляциялық шағым түсірген болатын.

    Еске сала кетсек, Алматы қаласы Медеу ауданының No2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны – бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы өтінішхатын негіз деп танып, оны 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырған еді.

  • Тұрлыхановтың ұлы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Тұрлыхановтың ұлы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға қатысты Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында үкім шықты. Ол 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Нұрасыл Айболат жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтейді. Оған нақты 1,5 жыл 10 күнге бас бостандығынан айыру үкімі шығып, сот залында қамауға алынды. 

    Айта кетейік, депутаттың ұлына екі ереже бұзу бойынша айып тағылуда. Алғашқысы 2024 жылдың 11 қазанында тіркелді. Ол күні Нұрасыл Болат «Elegant Hall» түнгі клубында болды, бұл көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салу ережесін бұзу болып есептелді. Екінші ереже бұзу фактісі 12 қазанда орын алды, ол кезде оның «Queen» караоке-барда болғаны бойынша пробациялық бақылаудың ережесін бұзғаны үшін айып тағылған болатын.

  • «Өте жақсы, тәрбиелі бала». Депутат Тұрлыханов ұлы туралы айтты

    «Өте жақсы, тәрбиелі бала». Депутат Тұрлыханов ұлы туралы айтты

    Дәулет Тұрлыхановтың пробациялық бақылауда тұрған ұлының басы дауға қалды. Желіде оның тойда отырған видеосы тараған еді. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты пікір білдірді.

    Еске салайық, сот қаулысымен оның ұлына бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол алғаш рет тәртіп бұзып отырған жоқ.

    Журналистер депутаттан ұлының Алматыға тойға барғанын біле ме деген сұрақ қойылды.

    «Білген жоқпын. Бұл іске араласқым келмейді. Жас қой әлі… Онымен үнемі сөйлесетінмін. Қай әке баласының жаман болғанын қалайды? Әрине, бұл туралы ойлаймын. Біз оған қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бірақ неге және қалай болғанын білмеймін. Жасы небәрі 21 жаста болса да соңынан аңдып жүр. Егер оның психикасына зардап тисе, кім жауапты? Сондықтан айтарым: менің балам өте жақсы, тәрбиелі. Енді достарымен араласа алмай ма? Туған күн кешіне баруға болмай ма? Бұл туралы қатты алаңдаймын. Баламның денсаулығы да алаңдатады», — деді Тұрлыханов Мәжіліс кулуарында.