Метка: Дәурен Есімханов

  • Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды

    Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды

    Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінде хабарлады.

    Әкімдіктің мәліметінше, аталған лауазымды тұлғалар қызметтен өз еркімен кету туралы өтініш жазған. Кадрлық шешімдер қолданыстағы тәртіпке сәйкес қабылданған.

    Қызметтен босату басқарма ғимаратында болған оқиғадан кейін орын алды. Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ведомство басшылығының қатысуымен болған жанжал туралы ақпарат тараған.

    Облыс әкімдігінде аталған жағдайдың мән-жайына қатысты түсініктеме берілмей, тек еңбек қатынастарының тоқтатылғаны расталды.

    Серік Сәпиев Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасын 2023 жылдан бері басқарған. Мемлекеттік қызметке дейін ол спорт саласында және қоғамдық қызметте танылған.

    Дәурен Есімханов басқарма басшысының орынбасары ретінде бірқатар бағыттарға жетекшілік еткен.

    Қазіргі уақытта Дене шынықтыру және спорт басқармасының уақытша басшысы кім болатыны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

  • Дәурен Есімханов тараған ақпаратты жоққа шығарды

    Дәурен Есімханов тараған ақпаратты жоққа шығарды

    Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары Дәурен Есімханов соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, қоғамда жарияланған деректер объективті шындықты көрсетпейді, деп хабарлайды Sona.kz Дәурен Есімхановтың ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Есімханов бұл мәліметтердің негізсіз екенін және олар нақты фактілерге сүйенбейтінін атап өтті. Ол өзіне қатысты жарияланған ақпараттың тергеу және ресми мәліметтермен сәйкес келмеуін алға тартты.