Метка: Декларация
-

Тәуелсіздікке бастау болған күн
25 қазан – еліміз үшін ерекше тарихи күн: дәл осы күні, 1990 жылы, ҚазССР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі дамуының бірегей жолы басталған еді. Биыл осы құжаттың қабылданғанына 35 жыл толып отыр.•«Қазақстан Республикасы — өз жерінде толық билікке ие мемлекет» деген ұстаным бекітілді, территориялық тұтастық пен заң үстемдігі принциптері жарияланды.•Табиғи ресурстар, жер, су, ғылым-техника-экономикалық әлеует елдің меншігі ретінде танылды, бұл дербес даму үшін заңды негіз болды.•Құжат мемлекеттік тілдің, ұлттық мәдениеттің өрлеуін, өзара достық пен татулықты басты міндеттер қатарына қойып, халықтық ықпал-қатысуды күшейтуді көздеді.•Декларация қабылданғаннан кейін бір жылдан соң, 1991 жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.Декларацияның алғашқы сөйлемдерінде:Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Жоғарғы СоветiҚазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып,Республиканың барлық азаматтары үшiн лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып,Республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бiрiншi дәрежелi мiндет деп санай отырып,Жалпыға бiрдей адам праволары декларациясын және ұлттардың өзiн-өзi еркiн билеу правосын тани отырып,қазақ ұлтының тағдыры үшiн жауапкершiлiктi ұғына отырып,iзгiлiктi демократиялық праволық мемлекеттi құруға бел байлауды негiзге ала отырып,Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының мемлекеттiк егемендiгiн жариялайды және Егемендік туралы Декларацияны қабылдайды — деп көрсетілген.Бұл құжат – жай ғана заңдық акт емес, Қазақстанның тәуелсіздікке бет бұрған тарихи шешімі, ел болмысының баға жетпес негізі. 35 жыл ішінде жасалған прогресс, қоғамдағы өзгерістер, әлемдік деңгейдегі орны – осы декларацияның арқасы.25 Қазан – Республика күні құтты болсын! -

Шенеуніктер декларация тапсырмаған
Шенеуніктердің декларацияларынан қазақстандықтар қандай ақпараттарды көре алатыны әлі белгісіз. Тиісті сұрақты қаржы министрі Мәди Тәкиев қойды. Оның айтуынша, шенеуніктердің декларацияларынан алынған мәліметтер көпшілікке қалай қол жетімді болатыны туралы мәселе әлі де талқыланып жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы саладағы уәкілетті орган. Мемлекеттік органдармен не жариялануға жататыны келісіледі. Біз бұйрықты күтеміз, — деді ол.
2025 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың төртінші кезеңі басталған. Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова мәлімдегендей, азаматтардың жекелеген санаттары ғана декларация тапсыруға міндетті
-

Қазақстанда мобилді аударымдарға шектеу енгізіледі
Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында мобильді аударымдарды пайдалану айналасындағы пікірталас қайта ушықты. Өйткені Қазақстанда азаматтардың бірқатар санаты жаңа жылда басталатын «жалпыға бірдей декларациялаудың» 4-ші кезеңінен босатылды.
Тиісті тұжырымдаманы қайта қарау аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ересек қазақстандықтардың көпшілігін активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыстаудан босату жоспарлануда. Бұл – шамамен 8 миллион азаматты қамтиды. Қазіргі уақытта салық заңнамасын пысықтау жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда жасы 18-ден асқан 13 миллиондай ел тұрғынының 8 миллионы, яғни, басым бөлігі кірістері мен шығыстарын міндетті декларациялаудан құтылғанын көріп, кейбір кәсіпкер клиенттерден төлемді қайтадан ұялы телефон арқылы белсенді қабылдай бастады.
Мәселен, курс сатушы инфосығандар да өз ақысын қолма-қол ақшамен беруді, немесе мобильді аударыммен жолдауды сұрайтынды шығарды. Демек, көлеңкелі экономика қайтадан арта бастайды деген сөз.
Сондықтан салық саласына жауапты Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) талдау критерийлерін өзгертуді жоспарлап отырғандарын мәлімдеді. Бұл ретте енді мобильді аударымдардың жалпы санын ғана емес, сондай-ақ олардың жалпы көлемін де есепке алатын болады.
-

Үкіметте декларация тапсырудан босатылатын санат аталды
«Қазақстанда жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізу 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылуда. Ыңғайлы болу үшін салық төлеушінің кабинеті, «Электрондық үкімет» веб-порталы, «e-Salyq Azamat», «eGov mobile», «Halyk», «Банк Центр кредит» және «Kaspi» мобильді қосымшалары арқылы, декларацияларды тапсыру бойынша электрондық сервистер іске қосылды. Бүгінгі таңда алғашқы үш кезеңнің нәтижесінде, жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4,8 млн адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары кірді. 2025 жылдан бастап декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер азаматтардың қалған санатында туындайды. Бұл шамамен 8 миллион адам», — деді министр Мәди Такиев.
Оның атап өтуінше, жалпыға бірдей декларациялау тұжырымдамасы қабылданғаннан бері 14 жыл өтті. Осы уақыт ішінде:
— мемлекеттік органдар мен уәкілетті ұйымдардың дерекқорлары цифрландырылды;
— қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86 пайызға жетті;
— қаржылық және валюталық бақылау күшейтілді;
— халықаралық келісімдер (Страсбург конвенциясы, Fatsa, ТМД – 100-ден астам ел) аясында қаржы шоттары бойынша деректер алмасу жолға қойылды;
— цифрлық қызметтер кең таралды.
«Осыған байланысты, автоматтандырылған салықтық бақылау мүмкіндіктерін ескере отырып, және Мемлекет басшысының жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында, осы санаттағы 4 кезеңге кіретін азаматтардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырудан босату ұсынылады. Олар: жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалары. Босату рәсімі осы санаттағы жеке тұлғалардың 90 пайыздан астамын қамтиды», — деді ол.
Бұл ретте Мәди Такиевтің атап өтуінше, декларациялауды келесі тұлағаларға қалдыру ұсынылады:
— мемлекеттік қызметшілер;
— коммерциялық ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары;
— Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері барларға және 1 жыл ішінде сатып алғандарға;
— бір жыл ішінде құны 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (74 млн. теңге) астам сатып алулар жасағандарға;
— өз бетінше салық салынатын табыс тапқандарға.
«Бұдан басқа, азаматтарға ерікті түрде декларациялау құқығы берілетін болады. Салықтық бақылауға келетін болсақ, жеке тұлғалардың қолда бар активтерін тіркеу үшін барлық цифрлық дерекқорлардан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерден мәліметтер алу тетігі қамтамасыз етілетін болады. Тиісті заңнамалық түзетулер дайындалды», — деді министр.
-

2,1 млн қазақстандық табысын растады
Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың табыстарын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы айтып берді.
«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Бірінші кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы «кіру» декларациясын 580 мыңға жуық мемлекеттік қызметші және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ, олардың жұбайлары тапсырды. Екінші кезеңде, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны бейрезиденттерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары шамамен 2,1 млн жеке тұлға ұсынды», – деді Ерсайын Көптілеуұлы кірістер комитетінде өткен баспасөз мәслихатында.
Биыл коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерін қоспағанда, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсырған.
«2024 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша 2,1 млн адам декларация тапсырды», – дейді ол.
-

Декларация тапсырмаған азаматтардың есепшоты бұғатталады
16 қыркүйекте жалпыға бірдей декларация тапсырудың үшінші кезеңі аяқталды. Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, үшінші кезең аясында жеке кәсіпкерлер, олардың жұбайы, компания басшылары және құрылтайшыларын қоса алғанда 2 миллионнан аса жеке тұлған активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсынды.
Ал декларация ұсынбағандарға хабарлама жіберілген. Хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде мұндай адамдар декларацияны ұсынуы қажет немесе не себепті тапсырмағанын түсіндіруі қажет. Оны тапсырмаса, азаматтың банктегі шоттары бұғатталады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті декларацияны кәсіпкерлер – заңды тұлғалардың басшылары мен олардың жұбайлары, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсыруға тиіс. Табыс мөлшері мен бизнестің ауқымы маңызды емес, үйде қарапайым жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін кондитерден бастап зауыт иесіне дейін талап ортақ.
Салық төлеуші декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «E-Salyq Azamat», «eGov mobile» Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz. мобильді қосымшалары арқылы ұсына алады.
Кәсіпкер бірінші жылы 250-нысандағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады, оны «кіріс декларациясы» деп атайды. Онда декларациялау сәтіндегі барлық жинақталған мүлік пен ақша көрсетіледі (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша). Бұл форманы жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде бір рет тапсырады.
Ал келесі жылдары кәсіпкер 270-нысандағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырып, онда бір жыл ішінде тапқан және алған табысын көрсетіп отырады. Бұл адамның бастапқы декларациясында не болғанын және кейін не қосылғанын көру үшін жасалады.