Метка: дикий арман

  • Сот Дикий Арманның үкімін өзгертпеді

    Сот Дикий Арманның үкімін өзгертпеді

    Алматы қалалық соты «Дикий Арман» ретінде танымал Арман Джумагельдиевтің ісі бойынша апелляциялық шағымды қарады. Сот алқасы қорғаушылардың өтінішін қарап, бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Заседание жабық режимде өтті, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform- ға сілтеме жасап.

    Арман Джумагельдиев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше бабына сәйкес кінәлі деп танылды. 2025 жылғы қаңтарда бірінші сатыдағы сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Іс барысында барлық мән-жайлар қаралды, куәлар тыңдалды және ұсынылған дәлелдер зерттелді.

    Соттың баспасөз қызметі бірінші сатыдағы сот шешімі барлық мән-жайларды және қолданыстағы ҚК РК баптарын ескере отырып шығарылғанын атап өтті. Арман Джумагельдиев қатаң режимдегі түзету колониясында жазасын өтеуді жалғастырады.

    Сот процесі жабық форматта өткізілді, бұл қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстық істің материалдарын құпиялықта ұстау мақсатында жасалды.

  • Алматыда “Дикий Арманның” ісі бойынша аппеляциялық сот басталды

    Алматыда “Дикий Арманның” ісі бойынша аппеляциялық сот басталды

    14 қазан күні Алматыда 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына қатысты іс бойынша апелляциялық сот отырысы басталды. Фигуранттардың бірі — “Дикий Арман” атанған Арман Жұмагелдиев, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Қалалық сотта өтіп жатқан тыңдау жабық режимде ұйымдастырылды — БАҚ өкілдері мен тыңдармандар қатыстырылған жоқ. Апелляциялық шағымдарды сотталғандар, соның ішінде Арман Жұмагелдиевтің өзі де түсірген. Ол үкімнің қайта қаралуын сұрап отыр.

    Еске салайық, 2025 жылғы 27 қаңтарда сот Арман Жұмагелдиевті қылмыстық топ құрғаны, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және 24 адамды ұрлағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

    Сонымен қатар, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген 8 жылға, ал ҰҚК-нің 5-басқармасының экс-басшысы Руслан Искаков 15 жыл 6 айға сотталып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған.

    Дикий Арманның ұйымдасқан тобының 13 мүшесіне 10 жылдан 15 жыл 6 айға дейін жаза тағайындалды. Ал өзге қатысушыларға 1,5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзім берілді. Кейбірі сот залынан босатылды — тергеу абақтысында өткізген уақыты жазасына есептелді.

    Апелляциялық сот отырыстары алдағы күндері жалғасады.

  • «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге үкім шықты

    «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге үкім шықты

    Қанды Қаңтар ісі бойынша «Дикий Арман» деген лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев сотталды. 

    Прокурор Жұмагелдиевке 20 жыл, Қайрат Құдайбергенге 8 жыл, ал ҰҚК 5-басқарма бұрынғы басшысы Руслан Ысқақовқа 15 жыл 6 ай түрме жазасын сұраған. Үшеуі де кінәлі деп танылды.

    • Арман Жұмагелдиев – 20 жылға бас бостандығынан айырылды;
    • Қайрат Құдайберген –  8 жылға сотталып, бүкіл мемлекеттік наградалардан айырылды;
    • Руслан Ысқақов – 15 жылға сотталды.
    • Талғат Махат – 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

    Қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке «Қаңтар» оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін айып тағылған. Тергеу болжамы бойынша, ол кездейсоқ өтіп бара жатқан 20-дан астам адамды ұрлап, қару-жарақ ұрлап, адамдарды заңсыз ұстап, олардың бостандығын шектеген.

    Қайрат Құдайбергенге жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және Жұмагелдиевке белсене көмек көрсету айыптары тағылған. Сот материалдарына сәйкес, экс-депутат наразылық танытушыларды топтарға бөліп, белбеулер таратып, адамдарды ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттеріне қатысуға шақырған.

    Осы іс бойынша тағы бір айыпталушы, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-басқарма бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов бар. Ол Жұмагелдиевтің қылмыстық тобына қолдау көрсеткен деп айыпталды. Тергеу материалдары бойынша, Ысқақов «Дикий Арманға» Алматыдағы алаңда адамдарды жиналуға ұйымдастыруды тапсырған.

    Айта кетейік, осы іс бойынша негізгі сот тыңдаулары 2023 жылдың қазан айында басталды. Қаңтар оқиғасы бойынша сот процесі жабық режимде өтті. Себебі алғашқы тыңдауларда Руслан Ысқақовтың мәлімдемесіне байланысты жағдай күрделенді. Ол өз сөзінде ҰҚК басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің осы оқиғаға қатысы бар екенін айтты. Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Әбіш 2024 жылдың наурыз айында үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ол қаңтар оқиғасы кезінде билік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.