Метка: Димаш Құдайберген

  • Димаш Құдайберген тағы бір сыйлық иесі атанды

    Димаш Құдайберген тағы бір сыйлық иесі атанды

    Қазақстанның Халық әртісі әрі әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды. 14-ші рет «Халықтың Сүйіктісі-2024» ұлттық сыйлығында 10 номинация бойынша дауыс беру қорытындысы шығарылды. Димаш Құдайберген тағы да «Жылдың Мәдениет қайраткері» атанды. Бұл санатта әнші төртінші рет марапатталып отыр.

    Марапаттау рәсімі 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.

    Қараша айының соңында қазақстандық әртіс DIAFA 2024 қонақтарына өзінің Stranger концерттік турының титулдық композициясын таныстырып, беделді марапатқа ие болған еді.

  • Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады

    Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады

    Дубайда өткен (БАӘ) Distinctive International Arab Festivals Awards фестивальде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесіне ие болды.

    Әнші фестивальде Stranger концерттік турын таныстырды. Димаш Құдайберген жүлдесін рухани ұстазы Бибігүл Төлегеноваға арнады.

    Рухани ұстазымыз, ән әлемінде қызмет етіп жүрген млн-даған адамның анасы, әжесі – Бибігүл Төлегенова.  Бибігүл апайымыз 95 жасқа толды. Осы жеңісімді апайымыздың құрметіне арнасам деп шештім. Апайымыз менің әрбір сахнаға шығар сәтімде немесе басқа мемлекеттердегі халықаралық байқауға барар кезімде бата беруден аянбай, әрқашан болысып жүргенін білесіздер. Сондықтан тілеуімді тілеп отырған Бибігүл апайымызға осы сыйлықты арнағым келеді, — деді танымал әнші.

    Ол ұстазы жастайынан қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

    Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды-көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін, – деді Димаш Құдайберген.

  • Димаш Құдайберген Дубайда халықаралық DIAFA сыйлығымен марапатталды

    Димаш Құдайберген Дубайда халықаралық DIAFA сыйлығымен марапатталды

    Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Distinctive International Arab Festivals Awards (DIAFA) атты  халықаралық сыйлығымен марапатталды.

    Бұл туралы ол 2024 жылдың 28 қарашасында Instagram парақшасында мәлімдеді.

    «Өнерге қосқан үлесі үшін DIAFA сыйлығына рахмет. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA», – деп жазды ол ұйымдастырушыларға және қала тұрғындарына алғысын білдіріп.

    DIAFA сыйлығы жыл сайын Дубайда беріледі. Ол қоғам өмірін жақсартуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін айырықша тұлғалар мен ұйымдарға табысталады. Салтанатты рәсім әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың басын қосып, олардың халықаралық аренадағы беделін көрсетеді.

  • Республика күніне орай Қазақстанның туы Нью-Йорк төрінде көкке көтерілді

    Республика күніне орай Қазақстанның туы Нью-Йорк төрінде көкке көтерілді

    Ту көтеру рәсіміне Нью-Йорк мэриясы, қаладағы қазақ диаспорасы, бірқатар шет мемлекеттердің дипломаттары, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігі мен Бас консулдығы қатысты. Алаңға АҚШ-тағы Димаштың жанкүйерлері де келген. Қала мэрі Эрик Адамс жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты атап өтті.

    «Ту халқымыз үшін әрқашан да бірлік пен ерліктің символы болып қала береді. Біз АҚШ-тағы әріптестерімізбен бірге осындай шара өткізіп, ұйымдастырғанымызға қуаныштымыз», – деді ҚР Нью-Йорк қаласындағы бас консулы Рауан Тілеулин.

    Ал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тағы жанкүйері Тная Янг біздің елімізді қонақжай халық ретінде таниды.

    «Мен Димаштың концерті үшін Қазақстанға барған едім. Үлкен мега-концерт болды. Барша жанкүйерлерге ұнады. Қазақстан сондай қонақжай ел. Барша қазақстандықтарды және Димашты мерекемен құттықтаймын!», – деді ол.

  • Димаш Құдайберген Діндер съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды

    Димаш Құдайберген Діндер съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды

    Белгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі болып тағайындалды.

    Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылды. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де бар.

    Хатшылық отырысына қатысушылар осы бес үміткердің кандидатурасын да бірауыздан мақұлдады.

    Қалған Ізгі ниет елшілерінің тізімі мынандай:

    Иерусалим Патриархы III Феофил;

    Англикан қауымдастығы бас хатшысының орынбасары Бэйли Уэллс;

    Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбдел Салам;

    Вьетнам буддистік сангха атқару кеңесі төрағасының орынбасары, бас хатшы Тик Дык Тьен.

     

     

  • Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды

    Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне арнайы автобустар қатынайды

    Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл көрерменнің қауіпсіздігі мен жол кептелісін болдырмау мақсатында қабылданған шара. Арнайы транспорт Салтанат Сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті және Бас мешіттің жанынан сағат 17:00-ден бастап қатынайды. Ол үшін концерт билетін көрсету қажет. Ал кеш өтетін жерге жеке көлікпен кіруге тыйым салынған. Айта кетейік, бүгін Астана аренада әншінің концерті өтеді.