Метка: Дина Таңсәріі

  • «НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

    «НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

    Черногорияда «НеМолчиKZ» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталды.

    Ол ұсталарының алдында қысқа видеоүндеу жазып үлгерген. Ертең оны экстрадициялау мәселесі бойынша сот отырысы өтеді.

    «Мені қазір ғана ұстап, Подгорица полициясына алып келді. Ертең экстрадиция бойынша сот болады. Не болатынын білмеймін, бірақ таңға дейін ұстау туралы айтты. Неге бұлай жасағанын түсінбедім, бірден сотқа апаруға болар еді. Қазір достарымнан қолдау сұраймын. Бар үмітім – экстрадиция болмайды дегенге», – дейді ол видеоүндеуде.

    Естеріңізге сала кетейік, «НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәріге қатысты бірден алты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған.

  • Атырауда 12 жігіт жабылып 17 жасар баланы өлтіріп кетті

    Атырауда 12 жігіт жабылып 17 жасар баланы өлтіріп кетті

    Атырауда 17 жастағы баланың өліміне күдікті 12 жігіттің төртеуі әскерге кетіп, біреуі тергеу изоляторынан бір жылдан соң босатылып шыққан, деп хабарлайды Orda.kz.

    НеМолчи қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің мәліметінше, оқиға осыдан бір жыл 2024 жылдың 18 қаңтарында болған. Марқұм Эльдардың анасы ұлына шабуыл жасаған жігіттердің ешқайсысы оған таныс болмағанын айтты.

    «Ұлым достарымен бірге мейрамханада жұмыс істейтін ортақ таныстарын алып кетуге келген кезде бір топ жігіт шабуыл жасаған. Тергеу бір жылдан бері жүріп жатыр. Өкінішке қарай, адвокат жалдауға ақшамыз жоқ. Кінәлілер ұлыма жасаған қастандығын басқа біреумен шатастырып алғанымен түсіндірді», – дейді Эльдардың анасы. 

    Бейнебақылаудан алған видеода Эльдар отырған көлікке бір топ ер адам жүгіріп келіп, біреуін ұрып-соғып, төртеуін пышақтаған. Олар бірден суық қару қолданған және бәріне бір уақытта соққы жасады. Ал Эльдардың аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтып, қайтыс болған. Анасының айтуынша, 17 жасар жігітке жабылып кеткен 12 адамның тек біреуі ғана бір жыл тергеу изоляторында отырған. Ал оның төртеуі әскерге кетіп қалған екен.