Метка: Динара Зәкиева

  • Омбудсмен 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды

    Омбудсмен 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды

    Динара Зәкиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды. Балалар омбудсмені Ақмола облысында өрттің салдарынан қаза тапқан балалардың жақындарына көңіл айтты.

    Сондай-ақ, оның айтуынша биыл Қазақстанда тіркелген 15 өрттің салдарынан балалар қаза тауып, осы жағдайлардың көпшілігінде олар үйде жалғыз болған.

    Осы фактілерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Бұл ретте көмекке мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан берілетін қолдау шараларымен қамтамасыз етілуі қажет, – деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасына.

  • Келесте зорланған 13 жастағы оқушы қыз босанып, мектепке бара алмай отыр

    Келесте зорланған 13 жастағы оқушы қыз босанып, мектепке бара алмай отыр

    Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарын қорытындылай отырып, аймақтағы жантүршігерлік жағдайларды әшкере етті.

    «Келес ауданында зорлық-зомбылық салдарынан 13 жасында бала босанған қыз жыл басынан бері мектепке бармай отыр. Мектеп директорының орынбасары жағдай туралы хабардар болғанына қарамастан, ешқандай шара қолданбаған және жағдайды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жібермеген», – дейді Динара Зәкиева.

    Осындай жағдайларды болдырмау үшін Динара Зәкиева Қазақстанда қамқоршылық органдарының қызметкерлерін көбейту керек дейді.

    «Олардың саны 5 мың балаға шаққанда 1 қызметкер болуы керек. Мысалы, Сарыағаш ауданында қазір 58 мың балаға 1 қызметкер бар. Қызметкердің өзі үлгермейтінін айтады. Әр баланың құқықтары әр жағдайда қорғалып, нәтижеге жетуі керек», – деп жазды Динара Зәкиева.