Метка: Джо Байден

  • АҚШ TikTok-ты Oracle компаниясына беруі мүмкін

    АҚШ TikTok-ты Oracle компаниясына беруі мүмкін

    Бұл туралы NPR сайтыхабарлаған. Ықтимал инвесторлар арасында Microsoft да бар. Егер бұл жүзеге асса, TikTok акцияларының бақылау пакеті америкалық екі компанияға өтеді.

    Басылымның дереккөздері дегенмен TikTok-қа иелік ететін қытайлық ByteDance компаниясы миноритарлық үлесін сақтап қалатынын айтты. Бұл ретте қосымшаның алгоритмдері, дерек жинау және бағдарламалық жаңартулары Oracle бақылауына өтпек.

    2024 жылдың көктемінде АҚШ-тың өкілдер палатасы TikTok ByteDance иелігінде қалатын болса, оған тыйым салуға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдаған. Конгресс аталған қосымшаны ұлттық қауіпсіздікке қатер деп қарастырады, өйткені Қытай үкіметі ByteDance-ті америкалық пайдаланушылардың деректерін беруге мәжбүрлеуі мүмкін деп санайды.

    АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден заңға былтыр сәуірде қол қойды, ал биыл қаңтарда Дональд Трамптың инаугурациясына бірнеше күн қалғанда АҚШ Жоғарғы соты заңды бекітті. Құжат 19 қаңтарда күшіне енді.

    20 қаңтарда, инаугурация күні Трамп бас прокурорға заңның орындалуын 75 күнге кейінге қалдыру туралы бұйрық шығарды. Осы уақыт ішінде президент әкімшілігі TikTok-ты бұғаттамай, ұлттық қауіпсіздікті қорғайтын жаңа тәсілді әзірлеп үлгеруі керек.

    Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Қытай билігі TikTok бақылауын америкалық миллиардер Илон Маскқа беруді қарастырған, бірақ қосымша өкілдері бұдан үзілді-кесілді бас тартқан.

  • Джо Байден өз ұлына рақымшылық жасады

    Джо Байден өз ұлына рақымшылық жасады

    АҚШ президенті Джо Байден екі қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, үкімін күтіп отырған ұлы Хантерге рақымшылық жасады, делінген  Ақүй мәлімдемесінде.

    – Осы қызметтегі алғашқы күннен бастап мен Әділет министрлігінің шешімдеріне араласпайтынымды айттым және ұлымның әділетсіз қудаланғанын бақылап отырсам да, өз сөзімде тұрдым, – деді Байден.

    Қыркүйек айында Байденнің өзі де, оның баспасөз хатшысы да ұлына рақымшылық жасау туралы жарлық шығарылмайтынына сендірді.

    Маусым айында сот 54 жастағы Хантер Байденді 2018 жылы қару сатып алу кезінде есірткіге тәуелді екенін жасырғаны үшін айыптады. Кіші Байден АҚШ тарихындағы қазіргі президенттің қылмысы үшін сотталған тұңғыш ұлы болды. Содан кейін қыркүйекте Хантер Байденнің өзі салық төлеуден жалтарғанын мойындады.

    Жексенбі күні кешке жариялаған мәлімдемесінде Джо Байден ұлының соттары «саясатпен ластанғанын», сол себепті заңсыз шешімдермен аяқталғанын мәлімдеді.

    – Мен бұл шешімді қабылдаған кезде, оны кейінге қалдырудың қажеті болмады. Америкалықтар әке мен президенттің неге мұндай шешімге келгенін түсінеді деп үміттенемін, – делінген хабарламада.

    Хантер Байденге үкім 12 және 16 желтоқсанда шығарылады деп жоспарланған болатын. Екінші жағдайда, 2016-2019 жылдары 1,4 миллион доллар көлемінде салық төлеуден жалтарғаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Сайлау қарсаңында АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетсе Байденнің ұлына рақымшылық жасауы мүмкін екенін айтқан болатын.

  • АҚШ Украинаға тағы 425 млн доллар көмек береді

    АҚШ Украинаға тағы 425 млн доллар көмек береді

    Азаттықтың жазуына қарағанда, «Америка дауысы» сайтының мәліметінше, Пентагон қорынан берілетін қосымша көмек пакетіне NASAMS зенит зымыран жүйесі оқ-дәрілері, әуе қорғанысына арналған RIM-7 ракеталары, Stinger зенит зымырандары, HIMARS зымыран жүйесіне керек оқ-дәрілер, кассеталық оқ-дәрілер, танкіні жоятын Javelin қаруы және тағы басқалар кіреді.

    Блинкен Украинаны АҚШ пен оның аясындағы халықаралық коалиция қолдайды деп бұған дейін бірнеше рет айтқан президент Джо Байденнің сөзіне сілтеді деп жазды «Америка дауысы» сайты.

    АҚШ 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап Украинаға құны 61 млрд доллардан асатын әскери көмек және Ресейдің Украинаға 2014 жылғы шабуылынан бергі кезеңде 64 млрд долларға жуық әскери көмек көрсеткен.