Метка: EC-145 тікұшағы

  • Алматы облысындағы апат: қаза болған үш әскери қызметкердің аты-жөні белгілі болды

    Алматы облысындағы апат: қаза болған үш әскери қызметкердің аты-жөні белгілі болды

    Қорғаныс министрлігі Алматы облысында апатқа ұшыраған EC-145 әскери тікұшағының қаза тапқан экипаж мүшелерінің есімдері мен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    10 тамызда су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаж командирі – майор Нұржігіт Қайратұлы Үйсінбаевтың мәйіті табылды. Ол армиялық авиация эскадрильясы командирінің орынбасары, 1-сыныпты ұшқыш, жалпы ұшу уақыты 930 сағат болған.

    11 тамызда борттық техник – 1-сыныпты маман, капитан Бахтияр Сәниоллаұлы Ержігітовтің мәйіті табылды. Оның жалпы ұшу уақыты 300 сағатты құраған.

    12 тамызда экипаж командирінің көмекшісі – капитан Аман Нұрланұлы Амангелді анықталды. Ол EC-145 тікұшағында 295 сағат ұшқан тәжірибелі ұшқыш болған.

    Министрлік мәліметінше, үшеуі де Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының түлектері, кәсіби даярлығы жоғары, әріптестері арасында зор беделге ие болған.

  • EC-145 тікұшағы әлі табылған жоқ: Қорғаныс министрі іздеу жұмыстарына барды

    EC-145 тікұшағы әлі табылған жоқ: Қорғаныс министрі іздеу жұмыстарына барды

    Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов 25 шілдеде радардан жоғалған EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстары жүріп жатқан Алматы облысына барды, — деп хабарлайды Sona.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

    Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы Асқар Избасовтың айтуынша, Сорбұлақ көлінің түбіндегі лай және күрделі рельеф іздеуге кедергі келтіріп отыр. Соған қарамастан, құтқару жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілуде.

    Іздеу операциясына 400-ден астам адам, 70 техника, 21 қайық, 10 дрон және арнайы сканерлер тартылған.

    Министр Қосанов із-түзсіз кеткен ұшқыштардың туыстарымен кездесіп, оларға моральдық қолдау білдірді.

    Айта кетейік, 2025 жылғы 25 шілдеде жоспарлы ұшу кезінде Әуе қорғаныс күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен болатын.