Метка: EGov Mobile

  • Енді жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

    Енді жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады

    Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл қызмет құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған, құжат жоғалған, ұрланған немесе төлқұжат деректері өзгерген жағдайда қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері оны 7 000-нан астам адам пайдаланды. 

    Қызметтің басты ерекшелігі – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Негізгі шарт – фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс.

    Қызметті пайдалану үшін:

    • eGov Mobile мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, «Қызметтер» бөліміне өту қажет;
    • «Жүргізуші және көлік» бөлімінен «Жүргізуші куәлігін беру» қызметін таңдау;
    • дайын құжатты алатын ХҚКО-ны таңдау;
    • жүргізуші куәлігін ауыстыру себебін көрсету және фотосуретті жүктеу;
    • қолтаңба үлгісін жүктеп, байланыс нөмірін енгізу керек;
    • мемлекеттік бажды төлеу қажет (4 915 теңге);
    • өтінімді Face/Touch ID көмегімен растау қажет;
    • қызмет нәтижесі «Хабарламалар» бөлімінде қолжетімді болады.

    Өтінім мақұлданғаннан кейін жүргізуші куәлігін таңдаған ХҚКО-дан жеке куәлікті және қолданыстағы жүргізуші куәлігін ұсыну арқылы алуға болады. Жаңа құжат берілгенге дейін бұрынғы куәлік жарамды болып қала береді (егер оның мерзімі аяқталмаса).

    Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді. Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

     

  • Енді eGov mobile арқылы газға қосылуға өтініш беруге болады

    Енді eGov mobile арқылы газға қосылуға өтініш беруге болады

    Енді қазақстандықтар eGov mobile қосымшасы арқылы газға қосылуға онлайн өтініш бере алады.

    Қызмет QazaqGaz Aimaq АҚ-ның абоненттері үшін қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады. Газға қосылуға арналған техникалық шарттар – бұл объектіні газ тарату жүйесіне қосу мүмкіндігін растайтын құжат. Қызметті объектінің иесі пайдалана алады. Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық міндетті толтырып, объектіге тіркелген құқығы туралы  мәліметтерді растау қажет, — деп жазылған компания таратқан хабарламада.

    Қызметті алу үшін пайдаланушы:

    • eGov mobile қосымшасында авторизациядан өтуі қажет және  «Қызметтер» бөліміне өтіп, «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» – «Газ тарату желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру» батырмасын басу керек;
    • Объектінің түрін көрсету және оны қосу үшін таңдау қажет;
    • Объектінің техникалық паспортын тіркеу керек;
    • Техникалық шарттың түрін, газбен жабдықтау жүйелеріне қосылу себебін және газдың талап етілетін шығынын көрсетуі шарт;
    • Газ жабдығының түрін таңдап, қосу, санын көрсетіп және «Жалғастыру» батырмасын басу керек;
    • Өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою керек.

    Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда, қызмет көрсету нәтижесінде техникалық шарттар беріледі, оларды газ тарату ұйымы – QazaqGaz Aimaq АҚ ұсынады немесе негізделген бас тарту шешімі шығарылады.

    Қызмет көрсету мерзімі объектінің күрделілігіне байланысты: техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні.

    Жаңа функция Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Энергетика министрлігі және QazaqGaz Aimaq АҚ-мен бірлесіп іске асырылды.

  • Қазақстандықтар eGov арқылы өзіне тағы бір шектеу қоя алады

    Қазақстандықтар eGov арқылы өзіне тағы бір шектеу қоя алады

    eGov Mobile арқылы қазақстандықтар құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан 10 жылға дейін бас тарта алады.

    Бұрын пайдаланушылар 6 айдан 12 айға дейін тыйым салу мерзімін таңдай алатын болса, енді құмар ойындар мен бәс тігуден өз бетінше бас тартудың ең жоғары мерзімі 10 жылға ұзартылған. Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында алуға болады.

    «Сервис өтінімдерді өңдеу уақытын айтарлықтай қысқартады және құмар ойындарға өздігінен тыйым салуды орнату процесін жеңілдетеді. Ол кез келген азаматқа барлық лицензияланған ойын алаңдары мен букмекерлік компаниялардың онлайн платформаларына қол жеткізуді шектеуге мүмкіндік береді. Қызмет тек 21 жастан асқан адамдарға қолжетімді екенін атап өткен жөн», — делінген хабарламада.

    Қызметті пайдалану үшін:

    • eGov Mobile мобильді қосымшасында авторизациядан өтіп, «Қызметтер» «Спорт» қойындысына өту;
    • «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу жөніндегі сервис» тармағын таңдау;
    • шектеудің аяқталатын жылы мен айын көрсету үшін «Қызмет алу» түймесін басып;
    • өтінішке Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.

    «Өтініш бергеннен кейін пайдаланушы автоматты түрде құмар ойындарға қатысуына шектеу қойылған адамдардың тізіміне енгізіледі, өтінішті қайтарып алу мүмкін емес. Бұрын шектеу қойғандар үшін оның мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар. Қайта өтініш берген жағдайда, жүйе пайдаланушыға шектеудің ағымдағы жағдайы туралы хабарлап, оны ұзартуды ұсынады», – деді.

    Жаңартылған функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотореяны реттеу комитетімен бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

  • Қазақстандықтар несиелік қабілетін онлайн бақылай алады

    Қазақстандықтар несиелік қабілетін онлайн бақылай алады

    EGov Mobile мобильді қосымшасында «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» атты жаңа сервис іске қосылды. Енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн бағалай алады.

    «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы дерегінше, сервис «Кредиттеу» және «Сақтандыру» атты бөлімдерден тұрады. Бұл бөлімдерде пайдаланушы бұрын алған несиелері мен сақтандыру қызметтері туралы АО «Мемлекеттік несие бюросының» деректеріне негізделген өзекті ақпарат ұсынылған.

    «Кредиттеу» бөлімінде пайдаланушының соңғы бес жылдағы несие алу тарихы туралы есеп, белсенді несие міндеттемелері мен скорингтік балл ұсынылады. Ол несие алу тарихының деректері негізінде қалыптасады және пайдаланушыға өзінің несие беделін бағалауға көмектеседі. Скорингтік балл тек ақпараттық сипатқа ие және пайдаланушылар үшін оның кредиттік мінез-құлқын бағалауға арналғанын айта кету керек» делінген хабарламада.

    «Сақтандыру» бөлімінде пайдаланушыға бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ міндетті автосақтандыру құнына әсер ететін бонус-малус класы туралы ақпарат қолжетімді.

    Егер алынған мәліметтер бойынша сұрақтар туындаса, пайдаланушы тікелей кредит берушіге немесе сақтандыру компаниясына жүгінуі қажет.