Метка: Екпе

  • Екібастұзда ер адам тізесіне салынған екпеден кейін қайтыс болды

    Екібастұзда ер адам тізесіне салынған екпеден кейін қайтыс болды

    Екібастұздың 40 жастағы тұрғыны Жеңіс Бекжігітов тізесіне жасалған ине салудан төрт күннен кейін көз жұмды. Туыстары оның өліміне медициналық көмек сапасының төмендігі себеп болды деп есептейді, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    8 қыркүйекте Жеңіс тізе ауруына байланысты жеке хирургиялық орталыққа жүгінген. УДЗ нәтижесі бойынша «остеоартрит» диагнозы қойылып, инъекция тағайындалған. 10 қыркүйек күні екпе салынғаннан кейін ертеңіне аяғы қатты ісініп, ауырсыну күшейген. Дәрігер телефон арқылы аспирин мен диклофенак қабылдауды ұсынған.

    11 қыркүйекте температура көтеріліп, есінен тану, қысымның төмендеуі байқалған. Туыстарының айтуынша, жедел жәрдем ер адамды ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Жеңісті жақындары жеке орталыққа өздері жеткізген. Сол жерде ота жасалып, кешке қарай ИВЛ аппаратының жоқтығына байланысты қалалық ауруханаға ауыстырылған. 14 қыркүйек күні таңертең Жеңіс қайтыс болды.

    Туыстарының сөзінше, өлім себептерінде «сепсис» деп көрсетілген. Олар Денсаулық сақтау министрлігіне және Бас прокуратураға шағым түсірді.

    Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы бригадалар үш рет шақыруға барғанын және регламентке сай әрекет еткенін мәлімдеді. Ер адамның бір жағдайда өзі ауруханаға жатқызудан бас тартқаны туралы қолхат жазғаны айтылды. Туыстары бұл мәліметті жоққа шығарады.

    Бақылау комиссиясы жедел жәрдем қызметкерлерінің әрекетін дұрыс деп тапты.

    Тергеу жүріп жатыр

    Жеке орталықтың бас дәрігері түсініктеме беруден бас тартты. Министрлік әзірге пікір білдірген жоқ.

    Полиция марқұмның өлімі бойынша медициналық қызметкердің кәсіби міндетін дұрыс орындамау фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын растады. Медициналық орталыққа тексеріс жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

    Марқұмның артында жұбайы мен екі кішкентай баласы қалды.

  • Алматыда тұмауға қарсы екпе егу басталды

    Алматыда тұмауға қарсы екпе егу басталды

    Алматыда тұмауға қарсы екпе егу басталды

    Жыл басынан бері шаһарда 19 мыңға жуық адам респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Алматыға биыл 200 мың доза вакцина сатып алынды. Қазір қоймаға 54 мыңнан астамы жеткізілді. Қаладағы емханалар күз басталысымен күшейтілген режимге көшкен. Дәрігерлер күн сайын кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.

    Тұрғындар тұмауға қарсы екпені өздері тіркелген емханадан ала алады. Ол үшін терапевт немесе кезекші дәрігерге барса жеткілікті. Екпе әуелі жүкті әйелдерге салынады. Содан соң, медицина саласының қызметкерлері, балалар мен қарттар, диспансерлік есепте тұрғандар тегін егіледі. Мамандар вирус қыстың қақ ортасында өрши түседі. Сол үшін екпені күздің басында алған дұрыс, деп кеңес береді.

    «Енді не үшін егу жұмыстарын жүргізу керек? Дүниежүзінде бүкіл ғалымдар және эпидемиологтар келесі жылда қандай тұмаудың вирустары кездесетінін алдын ала болжайды. Болжап сол вирустарға қарсы егу жұмыстарын жасайды. Еккен кезде екі аптадан кейін иммунитет үзіліп бастайды. Егер адамда қандай да бір ауру белгілері болса, онда екпе егу жұмыстарын кішкене кідіртеді»,- деді
    инфекционист-дәрігері
    «Тамара Отағанова.

    Қазір мегаполисте жедел жәрдемнің 186 бригадасы жұмыс істеп тұр. Шақыртулар көбейсе, олардың санын 200-ге жеткізбек. Ал инфекциялық стационарларда 530-дан астам орын дайын. Қазір онда 60-қа жуық науқас ем қабылдап жатыр.
    Тұмау суық тиюмен салыстырғанда әлдеқайда қауіпті. Асқынып кетсе, бронхит, өкпе қабынуы мен делбе дертіне ұласуы мүмкін. Сондықтан дер кезінде дәрігерге жүгінген жөн, дейді мамандар.

  • Елімізде коронавирус қайта үдеді ме? Сақтық үшін халыққа вакцина салынады

    Елімізде коронавирус қайта үдеді ме? Сақтық үшін халыққа вакцина салынады

    Елімізде коронавирус қайта үдеді ме? Сақтық үшін халыққа вакцина салынады

    Бүгін тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы қаулыға қол қойылды. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімдеді.

    Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, соның ішінде:

    • 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;

    • Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;

    • ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

    «Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін келесідей профилактикалық шаралар жүргізу ұсынылады: ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну», — делінген министрліктің хабарламасында.