Метка: экс-директор

  • Қостанайда Freedom Finance экс-директоры 70 млн теңге жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

    Қостанайда Freedom Finance экс-директоры 70 млн теңге жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

    Қостанайда Freedom Finance компаниясының бұрынғы филиал директоры алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

    Тергеу дерегінше, 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қазанына дейін айыпталушы өзіне бағынышты қызметкерлерді алдап, бонустық төлемдерін бас кеңсенің нұсқауы ретінде өзіне беруге көндірген. Ол осылайша 70 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп, жеке мақсатында жұмсаған.

    Сот оны кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік колониясына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол 7 жыл бойы басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.

  • Астанада мектептің экс-директоры мен бас есепшісі 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді

    Астанада мектептің экс-директоры мен бас есепшісі 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді

    Елордадағы мектептің бұрынғы директоры мен бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар 2021–2023 жылдар аралығында білім беру ұйымының қаржысын аса ірі көлемде ұрлады деген күдікке ілінген.

    Тергеу мәліметінше, шенеуніктер мектепке бөлінген қаражатты жалған қызметкерлердің атына аударып отырған. Осылайша, жалған жолмен жалпы сомасы 980 миллион теңгеден астам қаражатты иемденіп кеткен болуы мүмкін.

    Қазіргі таңда күдіктілердің бірі қамауға алынды, ал екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасы қаралуда. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Тергеу жалғасуда.