Метка: Экс-судья

  • Экс-судьяның өліміне қатысты іс: күдіктілер Мәскеуде ұсталды

    Экс-судьяның өліміне қатысты іс: күдіктілер Мәскеуде ұсталды

    Мәскеу қаласында қаза тапқан бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі ұсталды. Бұл туралы марқұмның ағасы Қанат Сайлыбаев хабарлады.

    Оның айтуынша, Александр Донцов пен оның анасы Наталья анықталып, Ресей астанасындағы құқық қорғау органдарына жеткізілген.

    Қазіргі уақытта оларды Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қанат Сайлыбаевтың мәлімдеуінше, дипломатиялық күрделіліктер мен бірнеше азаматтықтың болуы рәсімнің ұзаққа созылуына себеп болуы мүмкін.

    Ұстау жағдайлары әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Күдіктілердің процессуалдық мәртебесі мен тағылған айыптар туралы ақпарат нақтылануда.

    Айгүл Сайлыбаеваның өлімі Қазақстан қоғамында үлкен резонанс тудырған. Марқұмның туыстары істің әділ әрі толық тергелуін талап етіп келеді.

    Күдіктілерді беру туралы шешім қабылданған жағдайда, барлық процессуалдық әрекеттер халықаралық келісімдер мен ұлттық заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

    Қазақстан мен Ресейдің құқық қорғау органдары әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

  • Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

    Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

    Алматыда Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясының алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. 

     Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасап айыпталған бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

    Тергеудің мәліметінше 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын қолды қылған. Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді.

    Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

  • 110 миллион теңге пара алмақшы болған судья сотталды

    110 миллион теңге пара алмақшы болған судья сотталды

    Ол алаяқтық, бөтеннің аса ірі мөлшердегі мүлкін жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады  otyrar.kz.

    Экс-судья 7 жыл 6 айға сотталды. Сот оны 110 млн. теңге көлемінде қаржы жымқырды деп айыптап, бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот өз сөзінде, экс-судьяның лауазымына кір келтіргенін және кінәсін мойындамағанын, судья антына адал болмағанын алға тартты.

    Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев: «ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2 тармағымен қарастырылған құқықбұзушылықтармен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша мемлекеттік қызметте судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару қызметінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын!»

    Қылмыстық істе 3 айыпталушы бар. Сотталушының бірі танысының әйеліне, оның күйеуіне жеңіл жаза, яғни «бас бостандығынан айырмайтын» жазаны тағайындауға көмектесуге уәде берген. Ол кінәсін мойындады. Сот оған қатысты 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал іске қатысы бар адвокат 6 жыл 8 ай мерзімге сотталды. Ол енді 7 жыл адвокат болып қызмет ете алмайды.

    Әбинұр Қарабаев, Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: «Сотталушы Д.-ға адвокаттың қызметімен айналысуға 7 жыл мерзімге айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. А.-ға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Пара беруге азғыру бойынша тағылған айыппен Д., А. және М. ақталды, өйткені сотталушылар пара берушіні пара беруге азғырмады, ақшаны беруі К.-ның бастамасы бойынша болған«.

    Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.