Метка: Электр энергиясы

  • АЭС құрылысын тездету қажет – Мемлекет басшысы

    АЭС құрылысын тездету қажет – Мемлекет басшысы

    Энергия тапшылығы артып келеді. Сондықтан алғашқы Атом электр стансасының құрылысын тездету қажет. Жалпы елімізде ядролық кластер құру ісін қолға алу керек. Бұл еліміздің болашақта ойдағыдай дамуына қатысты аса маңызды міндет, – деді Мемлекет басшысы Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында.

    Сонымен бірге, Президент Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, атом саласын дамытудың ұзақ мерзімге арналған жоспарын әзірлеуді тапсырды.

    «Нақты нәтиже керек. Жан-жақты талдау жүргізіп, атом электр стансаларын салуға барынша қолайлы жерлерді, сондай-ақ заманауи және қауіпсіз технологияларды анықтау қажет. Үкімет пен Парламент екінші ядролық стансаны қай аймақта салу қажет екені жөнінде маған ұсыныс беруі керек. Бірақ атап өткім келеді: елімізге ядролық қуат керек, онсыз Қазақстан келешекте ойдағыдай дами алмайды. Қуат дегеніміз – бүкіл экономиканың дамуы деген сөз. Екіншіден, қуат жеткілікті болса, барлық аймақтар гүлденіп, өркендей түседі, халықтың тұрмысы жақсарады. Бұл – айдан анық», – деді Мемлекет басшысы.

  • «Абай» шахтасынан 155 адам эвакуацияланды

    «Абай» шахтасынан 155 адам эвакуацияланды

    Кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына «Абай» шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түсті. Бұл жағдай «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған.

    «Жедел түрде персонал эвакуация жоспарын іске қосып, нәтижесінде ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне шығарылды. Кәсіпорынның барлық қызметі жедел әрекет етіп, бекітілген жұмыс алгоритміне сәйкес жұмыс істеді. Қазіргі уақытта электр энергиясы қалпына келтірілді. Тиісті қызметтер жағдайды талдап, кәсіпорын жұмысын қауіпсіз түрде қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатыр», – деп хабарлады Qarmet компаниясының баспасөз қызметі.

     

  • 1 қарашадан бастап кей өңірде электр энергиясы тарифі қымбаттайды

    1 қарашадан бастап кей өңірде электр энергиясы тарифі қымбаттайды

    1 қарашадан бастап елдің бірнеше өңірінде электр энергиясының тарифі қымбаттайды. Шекті тарифтерге өзгерістер Энергетика министрінің 2024 жылдың 21 қазанындағы бұйрығы негізінде енгізілді.

    1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге;

    2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;

    9-топ («Астана-Энергия» АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;

    12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;

    18-топ («Степногор ЖЭО» ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;

    28-топ («Жаңажол ГТЭС» ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;

    39-топ («З-Энергоорталық» АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;

    48-топ («Қазхром» ТҰК» АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.

    Сонымен қатар тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:

    • 56-топ КВт/сағ үшін 43,92 теңге;
    • 57-топ тарифі 56,63 теңге;
    • 58-топ тарифі 26,08 теңге;
    • 59-топ тарифі 22,56 теңге;
    • 60-топ – 3,07 теңге.

    Министр бұйрығы 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматыда электр энергиясының тарифі 3,7%-ға өсетіні хабарланды. 15 қазаннан бастап электрмен жабдықтаудың орташа өлшенген шекті бағасы қосылған құн салығынсыз (ҚҚС-сыз) 29,04 теңге болды:

    • Тұрғындар үшін 27,59 теңге/кВтсағат;
    • Заңды тұлғалар үшін 30,08 теңге/кВтсағат;
    • Бюджет ұйымдары үшін 30,47 теңге/кВтсағат;
    • Тұтынушылар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін 29,04 теңге.
  • Алматыда электр энергия тарифі өзгереді

    Алматыда электр энергия тарифі өзгереді

    Алматыда электр энергиясының тарифі өзгереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдеді.

    Алматыда барлық тұтынушыға тарифтер 15 қазаннан бастап өзгереді.

    «Орташа тариф 29,04 теңге болады, яғни 3,7 пайызға өсіп отыр. Халыққа 27,59 теңгеге өзгереді, яғни 8 пайызға өседі. Заңды тұлғаларға 30,08 теңге болады, 8 пайызға өседі. Бюджеттік ұйымдардың тарифі 30,47 теңге болады, ол 7 пайызға төмендейді», – деді департамент өкілі.

    «Бұған электр энергиясын өндіруші қызметіне тарифтердің өсуі, электр энергиясын беру қызметіне тарифтердің өзгеруі әсер етіп отыр», – деді Әсел Бөденеева.

    Айта кетейік, 2024 жылы ақпанда коммуналдық қызмет бағасы бойынша айтарлықтай өсім тіркелгені белгілі болды.

    Ақпанның қорытындысы бойынша суға баға жылдық мәнде 33,9 пайызға өсті, бұл басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда көп.

    Сол кезде қалған коммуналдық қызметтер бойынша да осындай жағдай байқалды:

    жылыту бойынша баға өсімі бір жылда 30,9 пайыз болған;
    суық суға 30,8 пайыз;
    қоқыс төгуге 30,7 пайыз;
    ыстық суға 29,4 пайыз;
    электр энергиясына 19,9 пайыз.