Метка: Электросамокат

  • Қазақстанда 1 шілдеден бастап электросамокаттарға нөмір беріледі

    Қазақстанда 1 шілдеден бастап электросамокаттарға нөмір беріледі

    Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жалға берілетін электросамокаттарды тіркеудің жаңа ережелері күшіне енеді. Тиісті талаптарды Ішкі істер министрлігі бекітті.

    Жаңа нормаларға сәйкес, әрбір электросамокатқа жеке нөмір беріледі. Бұл нөмірді самокаттарды жалға беру қызметін ұсынатын операторлар өздері тағайындайды.

    Тіркеу нөмірі бір латын әрпінен және бес цифрдан тұрады. Әріп белгілі бір компанияға бекітіледі, ал цифрлар нақты самокатты айқындайды.

    Ережеге сәйкес, операторлар өздерінің барлық самокаттарының есебін жүргізуге міндетті. Бұл тізімге модель, сериялық нөмір, техникалық қызмет көрсету және жөндеу туралы мәліметтер енгізіледі.

    Сондай-ақ әрбір компания өзіне бірегей латын әрпін бекітуі тиіс. Бұл туралы басқа операторларды хабардар ету қажет.

    Егер бес жұмыс күні ішінде басқа компаниялар тарапынан қарсылық болмаса, таңдалған әріп ресми түрде бекітіледі.

    Нөмірлік белгілер самокаттың артқы бөлігінде, дөңгелек үстінде және руль тірегінің екі жағында орналастырылады.

    Ережеге сәйкес, тіркеу нөмірін басқа самокатқа беруге болмайды. Құрылғы істен шыққан жағдайда ол ауыстырылғанымен, нөмір комбинациясы өзгеріссіз қалады.

  • Самокатқа нөмір тағу міндетті бола ма?

    Самокатқа нөмір тағу міндетті бола ма?

    Қазақстанда электросамокат иелері үшін жаңа талап енгізілуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі самокаттарға мемлекеттік нөмір тағу тәртібін қарастырып жатыр.

    Министрдің міндетін атқарушы Санжар Әділовтің айтуынша, бұл мәселе белсенді түрде пысықталуда. Швейцария тәжірибесіне сүйене отырып, самокаттар мен велосипедтерге нөмір беру ұсынысы дайындалған.

    Жоба әлі талқылау сатысында, бірақ ІІМ бұл норманы өзекті деп отыр.

  • Алматыда электросамокат мінген бойжеткен жол апатынан көз жұмды

    Алматыда электросамокат мінген бойжеткен жол апатынан көз жұмды

    Адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы Әбіш Кекілбаев пен Сұлтанмахмұт Торайғыров көшелерінің қиылысында болды. 18 жастағы қыз бала ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

    Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

    Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Торайғыров көшесімен шығыс бағытта келе жатқан BYD көлігінің жүргізушісі Кекілбаев көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Белгілі болғандай, бойжеткен Торайғыров көшесімен оңтүстік бағытта электросамокатпен жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Қыз бала жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай алған жарақаттарынан қайтыс болды, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.