Метка: Елшілік

  • Елшілік Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

    Елшілік Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға үндеу жасады

    Қазақстанның Оңтүстік Корея Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

    «Корея Республикасы президенті Юн Сок Ельдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз», — делінген хабарламада.

    Қазақстан азаматтары төтенше жағдай кезінде жедел байланыс үшін мына нөмірлерге хабарласа алады: +8210-6572-9311.

    Еске салайық, бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталғаны хабарланған болатын.

  • Қазақстаннан Дубайға қатынайтын ұшақтардың бағыты өзгереді

    Қазақстаннан Дубайға қатынайтын ұшақтардың бағыты өзгереді

    Ұшақтар Иранның әуе кеңістігін айналып өтеді. Көлік министрлігі барлық әуе компанияларына осындай кеңес берді. Астана мен Алматы қалаларынан Дубайға қатынайтын рейстердің бағыттары өзгеріп, ұшу уақыты ұзарады.

    Ал Жиддаға рейстер өзгермейді, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.

    Естеріңізге сала кетейік, Тау Шығыстағы күрделі саяси жағдайға байланысты Иран, Израиль және Ливанда жедел желілер іске қосылды. Ондағы Қазақстандық азаматтар қандай да бір көмек қажет болса, елшілікке жүгіне алады.

  • Елшіліктің ескертуі: «Ливаннан кете тұрған жөн»

    Елшіліктің ескертуі: «Ливаннан кете тұрған жөн»

    «Ливандағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты осы елдегі Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз ұстануға тағы да шақырамыз. Атап айтқанда жергілікті билік орындарының нұсқауларын мүлтіксіз орындап ел ішіндегі жүріс-тұрысты мейлінше азайтқан жөн

    Сонымен қатар Оңтүстік пен Бекаа жазығындағы азаматтарға ахуал оңалғанша салыстырмалы түрде қауіпсіз саналатын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне уақытша көшу және халықаралық рейстер барында Ливаннан кете тұру мәселелерін қарастыруға кеңес беріледі», – деп жазылған елшіліктің хабарламасында.

    Еске салсақ, өткен аптадан бері Ливандағы Хезболла ұйымы мен Израиль арасындағы қақтығыстар күшейді. 23 қыркүйекте Израиль әскерилері Хезболланың 1300 нысанына шабуыл жасап, 492 адам қаза тапты.

    БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш жағдайдың ушығып бара жатқанынан алаңдаушылық білдіріп, «Ливан тағы бір Газаға айналуы мүмкін» екенін айтты.