Метка: Embraer әуе кемесі

  • Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігі Бразилияда ашылады

    Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігі Бразилияда ашылады

    Бұл тураылы Көлік министрлігі хабарлады. «Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттағы өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды», – делінген хабарламада.

    Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі.

    Жоғарыда аталған құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия қара жәшіктерді Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады.

    CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.

    Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

  • Ақтауға Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді

    Ақтауға Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді

    ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындады.

    Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді.

    Сондай-ақ, алдағы күндері елімізге CENIPA өкілдері (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) келеді деп жоспарланып отыр.