Метка: Емхана

  • Алматыда денсаулық сақтау саласында 32 нысан салу және жаңғырту жоспарланған

    Алматыда денсаулық сақтау саласында 32 нысан салу және жаңғырту жоспарланған

    Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-де өткен көшпелі брифингте мәлімдеді. Биыл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 25%-ға артты. Әсіресе, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударылды.

    Биыл Алматының мәслихаты медициналық-санитарлық көмектің біріңғай стандартын бекітті, соның аясында 4 МСАК орталығы мен 1 емхана салынды, сондай-ақ 32 нысанның құрылыс және жаңғырту жобалары (15 аурухана, 2 перзентхана, 7 емхана, 6 МСАК орталығы) әзірленуде.

    Сонымен қатар, 2024 жылы қалада Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы ашылды. Балалар арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге маңызды үлес қосқан ерте араласу орталығы құрылды.

    Қала әкімі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту тұрғындарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуда маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл басым бағыттағы жұмыстар келесі жылы жалғасады.

  • Атырауда емхананың бас бухгалтері 8 жылға сотталды

    Атырауда емхананың бас бухгалтері 8 жылға сотталды

    Атырауда қалалық емхананың бас бухгалтері 8 жылға сотталды. Ол өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.

    Қылмыстық іс қаланың №2 сотында қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 1-бөлігі негізінде қаралды.

    Сотта әйелдің қызмет бабын пайдаланып, қасақана пайдақорлық ниетпен 2012-2023 жылдары өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденіп, банктердегі өз есепшотына аударғаны анықталды.

    Қылмыстық жолмен алынған қаражатты мәмілелер жасасу арқылы заңдастырған.

    Істі қарау барысында сотталушы 3 млн теңгені өтеді. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, шынайы түрде өкініп, жеңіл жаза түрін тағайындауды сұраған.

    Сотталушы тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді.