Метка: Энергия

  • 1 қарашадан бастап кей өңірде электр энергиясы тарифі қымбаттайды

    1 қарашадан бастап кей өңірде электр энергиясы тарифі қымбаттайды

    1 қарашадан бастап елдің бірнеше өңірінде электр энергиясының тарифі қымбаттайды. Шекті тарифтерге өзгерістер Энергетика министрінің 2024 жылдың 21 қазанындағы бұйрығы негізінде енгізілді.

    1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге;

    2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;

    9-топ («Астана-Энергия» АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;

    12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;

    18-топ («Степногор ЖЭО» ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;

    28-топ («Жаңажол ГТЭС» ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;

    39-топ («З-Энергоорталық» АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;

    48-топ («Қазхром» ТҰК» АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.

    Сонымен қатар тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:

    • 56-топ КВт/сағ үшін 43,92 теңге;
    • 57-топ тарифі 56,63 теңге;
    • 58-топ тарифі 26,08 теңге;
    • 59-топ тарифі 22,56 теңге;
    • 60-топ – 3,07 теңге.

    Министр бұйрығы 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматыда электр энергиясының тарифі 3,7%-ға өсетіні хабарланды. 15 қазаннан бастап электрмен жабдықтаудың орташа өлшенген шекті бағасы қосылған құн салығынсыз (ҚҚС-сыз) 29,04 теңге болды:

    • Тұрғындар үшін 27,59 теңге/кВтсағат;
    • Заңды тұлғалар үшін 30,08 теңге/кВтсағат;
    • Бюджет ұйымдары үшін 30,47 теңге/кВтсағат;
    • Тұтынушылар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін 29,04 теңге.
  • Ертең тағы үш облыста жылу беріледі

    Ертең тағы үш облыста жылу беріледі

    Ал 1 қазаннан жылу беру маусымы Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында басталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді.

    2024 жылға бекітілген жөндеу кестесі аясында 10 энергоблокта, 55 қазандықта және 45 турбинада күрделі жұмыстар жоспарланған. Қазір 4 энергоблокта, 22 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 энергоблоктың, 32 қазандықтың және 28 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталды.

    «Барлық электр станциясы жылыту маусымына дайын, негізгі жабдықтармен, соның ішінде қазандықтармен және турбиналармен қамтамасыз етілген.

    2024 жылы АЭК-тің (электр желілерін тарату компаниялары) электр желілерінде 20,8 мың км электр беру желісін, 422 қосалқы станцияны және 4054 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеу көзделген. Қазірдің өзінде 19,9 мың км электр желісі, 376 қосалқы станция және 4046 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станция жөнделді.

    Жылумен қамту саласында биыл 546 км жылу желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта 516,3 км жылу желілері жөнделді, бұл жылдық жоспардың 94,6 пайызын құрайды», — деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    Энергия көздерінің қоймаларында 5,2 млн тонна көмір мен 89 мың тонна мазут бар. Бұл жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысын жалғастыра отырып, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, деп атап өтті ведомство.