Метка: Ерлан Қошанов

  • Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеу алдағы наурызда аяқталады

    Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеу алдағы наурызда аяқталады

    Парламент депутаттары мүдделі мемлекеттік органдарға бірыңғай уақыт белдеуі мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын 2025 жылдың наурызына дейін аяқтауды тапсырды. Бұл туралы Мәжіліс спикері, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен фракцияның кеңейтілген жиынында айтты.

    Мәжіліс депутаттары Үкімет мүшелеріне бірыңғай уақыт белдеуін енгізуге қатысты азаматтарды толғандырған өзекті сауалдарды жеткізді. Атап айтқанда, мәжілісмен Жанарбек Әшімжанов Алматы облысының, Жетісу облысының және өзге де өңірлердің тұрғындарынан депутаттық корпус атына келіп түскен көп өтінішке назар аударды.

    Депутат Ерлан Саиров үйлесімді қоғам құру үшін Парламент пен Үкіметтің осы мәселе бойынша біртұтас ұстанымы болуға тиіс екенін мәлімдеді. Депутат Ю. Кучинская мұндай мәселе Үкімет қаулысы деңгейінде шешілмей, заң деңгейінде реттелуі керек деген пікір білдірді.

    Фракция жиынын қорытындылай келе Мәжіліс спикері уақыт белдеуін өзгерту қоғамда ең көп талқыланатын тақырыптың бірі екенін атап өтті. Ол мұндай шешімдерді алдын ала егжей-тегжейлі талдау және кеңінен талқылау арқылы қабылдау керек екенін жеткізді.

    Бұл қадам қоғамға тиімді түсіндіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің әсері туралы көпфакторлы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу жөнінде шешім қабылдады. Аталған шешім бірқатар сұрақтың жауабын беруге тиіс.

    Уақыттың өзгеруі, ең алдымен, азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатына, тұрмысына қалай әсер ететініне қатысты нақты жауап алуымыз керек. Осы мәселеге баса мән беру қажет. Сонымен қатар Үкімет айтып отырған үш жыл – тым ұзақ мерзім. Зерттеу жұмысын үш айда аяқтағандарыңыз жөн. Алдағы жылдың наурыз айында зерттеу қорытындыларымен және нақты шешу жолдары бар ұсыныстармен келесіздер деген үміттеміз, – деді Ерлан Қошанов.

  • Бүгін мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады – Қошанов

    Бүгін мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады – Қошанов

    Ерлан Қошанов  № 163 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.  Ол сөзінде дауыс беруге ерекше көңіл-күйде келгенін жасырмады.

    Бүгін ерекше мерекелік көңіл күйдемін.  Себебі, бүгін – мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады. Бастысы бұл шешімді халық қабылдайды. Негізгі мәселе – осы. Бүгін біз Мемлекет басшысы жариялаған конституциялық реформаны қабылдадық. Конституциялық реформасының негізгі мақсаты қандай? Ол – әр азаматтың мемлекеттің саяси өміріне еркін араласуы. Бүгін соның нақты көрінісі болды десек қателеспейміз, – деп түсіндірді Қошанов.

    Мәжіліс төрағасы халық тарапынан белсенділік өте жоғары деп отыр.

    Сіздер, біздер болып, барлығымыз бірге өз дауыстарымызды беруге келдік. Бізге әр өңірден ақпарат келіп отыр. Еліміздің әр өңіріндегі сайлау учаскелерінде халық дауыс беріп жатыр. Халық мемлекет болашағы үшін дұрыс шешім қабылдайды деген ойдамын, – деп қорытындылады Ерлан Қошанов.