Метка: Ержан Еркінбаев

  • Марафонға қандай шектеу қойылуы мүмкін?

    Марафонға қандай шектеу қойылуы мүмкін?

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жартылай марафондағы қайғылы жағдайдан соң министрлік мұндай шараларға талапты күшейтетінін әлеуметтік желіде жазған еді.

    «Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» форумы барысында Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев:

    – Біз бұл мәселені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрімен талқыладық. Олардың да ұсыныстары бар. Мысалы, пульсометр не спорт сағаттарын тағып, өзіне ыңғайлы пульс аймағында жүгіру. Бірақ марафон – бұл кәсіби спорт емес, бұқаралық спорт.

    Сондықтан шектеу не талап қою дұрыс болмайды. Негізгі статистиканы алсақ, дүниежүзі бойынша 80 мың марафоншы арасында 1 адам қайтыс болады екен. Өкінішке қарай, бұл өмір. Сағаты болса да, болмаса да қайтыс болған екі азамат та тәжірибелі марафоншылар. Бірінші жүгірулері емес. Шектеу қойғанмен 100 пайыздық шешім жоқ. Бірақ бүгін министр федерация және спорт мамандарын біріктіріп, олардың ұсыныстарын талқылайды, – деді вице-министр.

  • Алматыға 1,7 млн турист келді

    Алматыға 1,7 млн турист келді

    Бұл туралы туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Алматы қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

    Вице-министрдің айтуынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 мемлекет ішінде 52-орынға ие болды.

    2024 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсім көрсетті. Алматы қаласы бұл салада ерекше көзге түсіп отыр. 2024 жылдың тоғыз айында Алматыға 1,7 миллион турист келген, оның 1,2 миллионы – ішкі туристер, ал 500 мыңы – шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ға көп.

    Алматы қаласының туристік инфрақұрылы қарқынды дамып келеді. 2024 жылы мегаполистегі орналастыру орындарының саны 366-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 орынға көп. Туристік орналастыру саласында көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 70 миллиард теңгеге жетті, – деп атап өтті Ержан Еркінбаев.

    2024 жылы мемлекет тарапынан туризмді қолдау көлемі 2,5 есе артты. Мемлекеттік бағдарлама аясында 32 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде туристік нысандар құрылысы, қонақ үй қызметін жақсарту және көлік құралдарын дамыту шаралары бар.