Метка: есепші

  • Сарыағаш ауданында білім бөлімінің басшылары мен бухгалтерлер сотталды

    Сарыағаш ауданында білім бөлімінің басшылары мен бухгалтерлер сотталды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нәтижесінде Түркістан облысында жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті.

    Сарыағаш аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшылары Б. Майриховқа, Н. Усипбековке, Д. Акатовқа және 8 бухгалтерге қатысты үкім шығарды. Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы ретінде аудару арқылы 550 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Акатов пен Майрихов 7 жылға, Усипбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сол үкіммен бухгалтерлер бас бостандығынан айыру, шартты түрде бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазаларға сотталды.

    Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды, сондай-ақ қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

    Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

  • Екі есепші балабақшадан 300 миллион теңге жымқырған

    Екі есепші балабақшадан 300 миллион теңге жымқырған

    Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық дерегі анықталды, — деп хабарлайды Бас прокуратура.

    Қарағанды облысының прокуратурасы «№33 мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-де бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

    «Тексеріс барысында аталған мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғандығы анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты», – делінген хабарламада.

    Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

     

  • 230 мың доллар жымқырған алматылық бухгалтер Грекиядан ұсталды

    230 мың доллар жымқырған алматылық бухгалтер Грекиядан ұсталды

    Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады.

    Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы Алматыдағы ЖШС-ның бірінің есепшісі болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.

    Қазір күдіктіні Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.

  • Атырауда емхананың бас бухгалтері 8 жылға сотталды

    Атырауда емхананың бас бухгалтері 8 жылға сотталды

    Атырауда қалалық емхананың бас бухгалтері 8 жылға сотталды. Ол өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.

    Қылмыстық іс қаланың №2 сотында қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 1-бөлігі негізінде қаралды.

    Сотта әйелдің қызмет бабын пайдаланып, қасақана пайдақорлық ниетпен 2012-2023 жылдары өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденіп, банктердегі өз есепшотына аударғаны анықталды.

    Қылмыстық жолмен алынған қаражатты мәмілелер жасасу арқылы заңдастырған.

    Істі қарау барысында сотталушы 3 млн теңгені өтеді. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, шынайы түрде өкініп, жеңіл жаза түрін тағайындауды сұраған.

    Сотталушы тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді.

  • Жетісу облысында білім бөлімі есепшілері ақша жымқырған

    Жетісу облысында білім бөлімі есепшілері ақша жымқырған

    Жетісу облысы Кербұлақ ауданы білім бөлімі есепшілері бюджет қаражатын жымқырған.

    Прокуратура мәліметінше,  2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің 3 есепшісі онда жұмыс істемейтін адамдарға жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын заңсыз аударған. Келтірілген шығын – 34 млн теңге.

    Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы («Шартты түрде соттау») бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

  • Балабақша есепшісі 15 млн теңге ұрлаған

    Балабақша есепшісі 15 млн теңге ұрлаған

    Балабақша бухгалтері өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі көлемде өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлаған (ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).  (далее…)

  • Шымкентте диспансер басшысы мен есепшісі 2 жылға сотталды

    Шымкентте диспансер басшысы мен есепшісі 2 жылға сотталды

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды.

    «Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

    Ведомствоның мәліметінше, сот үкімімен басшы мен есепші мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылған.  Оларға  2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

    Сот үкімі заңды күшіне енді.