Метка: есірткі

  • Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған шетелдік ұсталды

    Ақмола облысында үйінде есірткі сақтаған шетелдік ұсталды

    Ақмола облысында тұратын 57 жастағы шетелдік 4 келіден астам марихуана мен каннабис тұқымдас өсімдіктерді сақтағаны үшін ұсталды.

    Күдікті “Қарасора – 2024” жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсті.  Целиноград ауданындағы 57 жастағы тұрғынының  үйінен канабис тұқымдас өсімдігі бар 6 қорап табылды. Тәркіленді, гараж бен қорада соған ұқсас өсімдігі бар тағы үш қап табылды. Сонымен қатар гараж бен қорада қабырға бойымен осы өсімдіктің бұталары ілулі болды. Алынған заттардың жалпы салмағы 4,5 келіден асты. Оның ішінде 2 келіден астам кептірілген марихуана және 1 келі 708 гр кептірілген қарасора бар .

    Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған. Ер адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

  • Есірткіні шприцке тыққан ер адам ұсталды

    Есірткіні шприцке тыққан ер адам ұсталды

    Басқа біреудің мүлкін ұрлаған деген күдікпен қамауға алынған тергеудегі азаматтың ағасы есірткі затты тығып өткізуге тырысты. Алайда, тергеу изоляторы қызметкерлерінің қырағылығының арқасында есірткі заттар сусабын бөтелкесінен табылды.

    Ер адам алдын-ала 200 мл шприцке есірткіге ұқсас жасыл заттарды салып, оларды сусабынның ішіне жасырып өткізбек болды. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, химиялық сот сараптамасына жіберілді.

    «Тыйым салынған заттарды беру фактісі бейнетіркеуішке тіркелді. ҚАЖ мекемелеріне есірткі заттарын өткізу оларды сату ретінде сараланады, яғни бас бостандығынан айыруға жазаланатын қылмыстық-жазаланатын әрекеттердің бірі болып табылады»,- деп атап өтті өңірлік ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Шәріпбеков.

    Айта кетейік, оқиға Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №71 мекемесінде болған.

  • Қарасораны өсіріп, есірткі  сатқан бір топ адам 12 жылға сотталды

    Қарасораны өсіріп, есірткі сатқан бір топ адам 12 жылға сотталды

    Қарасораны өсіріп, есірткі сатқан бір топ адам 12 жылға сотталды

    Алматы қаласы мен Алматы облысында есірткі заттарын сатқан, бір топ адам сотталды
    Бостандық ауданының прокуратурасы есірткілерді өндіріп, сатқан бір топ адамға қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады.

    «X» азаматы 3 жыл бойы тұрғын үйінің ауласында қарасора бұталарын өсірген.

    Оның сыбайластары өсірілген марихуананы алып, оны орап, сатумен айналысқан.

    «Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушылардың мүлкілерін тәркілей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айырды», — делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    «Қала прокуратурасы азаматтарды күмәнді табыс ұсыныстарына түспеуге шақырады», — деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

  • Қолдан жасалған 10 мың долларды сатқан шымкенттік сотталды

    Қолдан жасалған 10 мың долларды сатқан шымкенттік сотталды

    Осы факті бойынша тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізді.

    Тергеу барысында ҚМА қызметкерлері бақылауымен қара-жасыл түсті өсімдік тектес затты сатып алу жүргізілді.

    Кейінірек сарапшылар зерттеу объектісінің жалпы салмағы 5 кг болатын «гашиш» есірткі заты екенін растады.

    «Сонымен қатар, аталған азамат жалған 10 000 АҚШ долларын (100 дана номиналымен 100 АҚШ долларын құрайтын банкноттар) сату барысында ұсталды», -делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

    Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларын өткізу барысында оның сыбайласы анықталды, одан 13 100 жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

    Ал оның тұрғылықты жерін тінту барысында салмағы шамамен 1 кг гашиш табылып, іске тіркелді.

    Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылды, оларға 11 жылға және 5,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

  • Балқашта үлкен есірткі плантациясы өсірілген

    Балқашта үлкен есірткі плантациясы өсірілген

    Алматы облысының полицейлері Балқаш өңірін әуеден барлау кезінде үш тоннаға жуық голланд қарасорасын тапты. Барлау жұмыстары «Қарасора – 2024» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылған. 

    «Есірткі плантациясы Балқаш көлінің аралдарының бірінде анықталды. Жалпы салмағы 2 тонна 740 келі болатын 6122 өсімдік бұтасы тәркіленді. Жүргізілген сараптама нәтижесінде оның каннабис өсімдігі екені расталды», — деп жазды Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

    Күдіктілер әлі де іздестіріліп жатыр. Олар есірткіні өсіру үшін арнайы суару жүйесін жасаған. Оған дәлел – екі қап тыңайтқыш пен қарасораны суару және өңдеу туралы жазбалары бар дәптердің табылуы. Бұдан бөлек, полицейлер аралдағы шатырдан суық қару тауып алған.

    Аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

  • Алматыда үндістандық 2 азаматтан есірткі тәркіленді

    Алматыда үндістандық 2 азаматтан есірткі тәркіленді

    Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 24 және 26 жастағы екі Үндістан азаматын ұстады. Олар Прокофьев көшесіндегі үйлердің ауласында есірткі бетбелгісін қойып жатқан.

    «Сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша күдіктілерден тәркіленген түйіншектердің ішінде мефедрон есірткі заты болған. Олар қылмыстарын мойындады. Қазір Алматыға шөпті жеткізу арнасы және оны өндірудің ықтимал жолдары анықталуда. Ұсталғандар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.