Талдыкорғанда екі жасөспірім 116 орама есірткімен қолға түсті. 17 және 18 жастағы Ескелді ауданының тұрғындары есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды. Полиция олардың сөмкесінен 2 пакет мефедрон және тағы 95 пакетті тапты. Одан бөлек, жасөспірімдер полицейлерді жасырылған 21 пакеттің орнына апарып, барлығы 116 орама тәркіленді. Қазір күдіктілер қамауға алынған, оларға 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі бар.
Метка: Есірткі саудасы
-

Алматыда өз үйінде есірткі сатып жүрген адам ұсталды
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өз пәтерінде есірткі сатып жүрген адам ұсталды.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті – 49 жастағы ер адам.
«Арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктіден өсімдік тектес зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Ер адамның осы мекенжайда отбасымен тұрғаны белгілі болды, оның жанұясы қаскөйдің қылмыстық әрекетіне куә болған. Қазіргі уақытта есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабае
-

Курьерден бір келі есірткі тәркіленді
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар бірқатар қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды Полиция.
Шымкент қаласында 25 жастағы азамат ұсталды.
«Одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттар тәркіленді. Оның айтуынша, ол есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
-

Бұрынғы тергеуші Алматыда есірткімен ұсталды
Алматыда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі әйелді гашиш пен мефедронмен ұстады. Олардың бірі жуырда ғана ішкі істер органдарында жұмыс істеген болып шықты.
Orda.kz дереккөзінің мәліметінше, күштік құрылымдар тінту кезінде олардан 3,5 келіге жуық есірткі тапты. Сонымен қатар, ұсталғандардың бірінен қызметтік куәлік табылған.
«Жалдамалы пәтерге тінту жүргізіліп, есірткі заттары тәркіленді. Олардың нақты шығу тегі мен кімге тиесілі екенін сот-химиялық сараптама анықтайды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мән-жайлар анықталуда», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.
Бізге тінту сәтінен түсірілген кадрлар да түсті. Фототағы қызметтік куәлікке қарағанда, ұсталғандардың бірі Қарағанды полициясында тергеуші болып жұмыс істеген. Алайда, Қарағанды облысының полиция департаменті «ұсталған Елена В. 2024 жылдың 29 тамызында өз еркімен жұмыстан шыққанын» мәлімдеді.
Бұл – полицейлердің есірткі саудасымен айналысқаны туралы алғашқы оқиға емес. 2022 жылдың мамыр айының соңында Ақтөбеде қалалық полиция бөлімінің қызметкері ұсталған болатын. Погондағы дилер қылмыстық істер бойынша айғақ ретінде алынған есірткі заттарын ұрлап, сатумен айналысқан. Ол бірден екі бап бойынша сотталды, есірткі сату және қызметтік жалғандық жасау.
-

Есірткі қылмысына қарсы күреске арналған Telegram-бот таныстырылды
«Нашақорлыққа жол жоқ» жобасын іске асыру аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Спорт федерациясы, мәслихат депутаттары және полиция департаментінің ұйымдастыруымен жастар арасында республикалық киокушинкай-кан каратэ бойынша халықаралық турнир өтті.Турнирге Қырғыз Республикасынан және еліміздің 9 облысынан 300-ден астам спортшы қатысты. Спорттық шарамен қатар, іс-шара аясында нашақорлыққа қарсы күрес бойынша маңызды профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Шара барысында қатысушылар мен көрермендерге облыстық прокуратура әзірлеген Telegram-боттың жұмыс алгоритмі таныстырылды. Сондай-ақ, ботқа сілтемесі бар QR-кодтары бейнеленген ақпараттық парақшалар таратылды.
Қазіргі уақытта Telegram-боттың мүмкіндіктері туралы халықты хабардар ету және ақпараттық парақшаларды тарату жұмыстары облыстың барлық аудандарында жалғасуда. Боттың қызметімен танысу үшін сілтеме арқылы өтіп, «Пайдалы ақпарат» бөлімін таңдауға болады.
Кез келген азамат «Сенім телефоны» функциясын басу арқылы облыстық прокуратура мен полиция департаменті қызметкерлерінің байланыс нөмірлерін ала алады.
Облыстық прокуратура Telegram-боттың енгізілуі нашақорлықпен күресті жеделдетіп, мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенімді.
-

Жамбыл облысында ер адам есірткіні балабақшаға барып өртеген
Жамбыл облысында ер адам есірткіні балалар жүрген бақшаға барып өртегені анықталды. Ер адамның үйін және іргелес аумақтарды тінту кезінде есірткі қойылған бірнеше жасырын орын анықталды.
Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттар салмағы 2 келіден асатын гашиш және 23 грамнан астам кептірілген марихуана болып шықты.
«Күдікті есірткіні әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы бола тұра бірге тұратын үйлерінде сақтаған. Есірткіні өңдегеннен кейін қалған қалдықтарын жақын жерде кішкентай балалар ойнап жүргеніне қарамастан, бақшасында өртеп жіберген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
-

Жамбыл облысында есірткі таратқан қылмыстық топ ұсталды
Жамбыл облысында есірткі таратуға қатысы бар алты адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Ұстау операциялары мен тінту әрекеттері бір мезгілде Тараз қаласында және Жамбыл ауданының жеті нүктесіндегі мекенжайлар бойынша өткізілді.
Барлығы шамамен 1 келі «гашиш» есірткі заты және 4 келі «кептірілген марихуана» тәркіленді.
Сондай-ақ, марихуананы тұтынуға арналған қолдан жасалған құрылғы (булбулятор) табылды.
«Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы ірі мөлшердегі есірткі құралдарын сату мақсатында дайындап, сақтап, тасымалдаумен айналысқан. Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
-

Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді
2024 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шеңберінде 31 халықаралық және 27 өңірлік жеткізу арнасын жойып, 32 жасырын есірткі зертханасының қызметін бейтараптандырды.
Заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабаны шикізаты және «синтетика» жасау үшін қолданылатын 18 тонна химиялық реагенттер тәркіленді.
«Қара нарықта» тәркіленген есірткінің құны 36 миллиард теңгеден аса бағаланады.
Есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 164 адам сотталды. Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдау арналарының жолын кесу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 25 халықаралық операция жүзеге асырылды.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.
-

Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Шымкентте жедел іс-шаралар кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысатын 5 ер адам ұсталды.
Ақпаратқа сәйкес, күдіктілердің бірінің үйінде арнайы желдету жүйесімен, жарықдиодты шамдармен, ылғалдылықты өлшеу құралдарымен, желдеткіштермен, термометрлермен және автоматты суару жүйесімен жабдықталған қарасора өсіру бөлмесі анықталған.
Фитолаборатория жойылып, өсірілген 46 қарасора бұталары мен құрал-жабдықтар тәркіленді. Күдіктілерден 17 доза синтетикалық есірткі және 30 грамнан астам кептірілген марихуана табылып, тәркіленді, – делінген полиция хабарламасында.
Іс бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
