Метка: Этникалық қандас.

  • 3,2 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

    3,2 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

    2025 жылы 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

    — Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан, 39,5% — Өзбекстаннан, 5,8% — Түрікменстаннан, 2,5% — Монғолиядан, 1,9% — Ресейден және 2,2% басқа елдерден. Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,1%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 27,8%-ы орта кәсіби білімді, 52,9%-ы жалпы орта білімді, және 1,4% білім жоқ, — делінген министрлік хабарламасында.

    Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

    Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

    Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 642 қандас қоныс аударды.

  • Биыл 16,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

    Биыл 16,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

    2024 жылдың басынан бері 16,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорпғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды.

    Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,9%-ы Қытайдан, 39,2% – Өзбекстаннан, 5,8%  – Моңғолиядан, 5,2% – Түрікменстаннан, 2,8% – Ресейден және 1,1% басқа елдерден, – деп қосты ведомство.

    Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2%-ды және зейнеткерлер 9,4%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша, 17,8%-ы жоғары білімді, 24,8%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді, және 3% білім жоқ.

    Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңіріне қоныстанды. Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

    Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, қоныстандыру өңірлеріне 2 841 қандас қоныс аударды. Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде, – деп толықтырды министрлік.

    Жыл басынан бері 2 390 қандасқа түрлі қолдау шарасы көрсетілді. Атап айтқанда, 763 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

  • Бір айда 2 мыңнан аса этникалық қазақ елге оралды

    Бір айда 2 мыңнан аса этникалық қазақ елге оралды

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 142,7 мың этникалық қазақ оралған.

    Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,8%-ы Қытайдан, 39%-ы Өзбекстаннан, 5,9%-ы Моңғолиядан, 5,2%-ы Түрікменстаннан, 2,9%-ы Ресейден және 1,2%-ы басқа елдерден қайтқан. Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,6%, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,1% және зейнеткерлер 9,3% болған.

    Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 24,4%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді және 3,3%-ының білім жоқ.

    Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

    Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы – 3 033 адам. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 477 қандас қоныс аударды.

    Жыл басынан бері 2140 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 575 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

    Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді, – делінген министрлік хабарламасында.

    Еске сала кетсек, өткен жылда пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінде этникалық қазақтардан жаңа форматта 19 022 өтініш қабылданды.

  • Биыл 12,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

    Биыл 12,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

     Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 140,7 мың этникалық қазақ оралды.

    Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,6%-ы Қытайдан, 39,2% – Өзбекстаннан, 5,5% – Түрікменстаннан, 5,4%  – Моңғолиядан, 3,1% – Ресейден және 1,2% басқа елдерден.

    Биыл 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,4%-ды және зейнеткерлер 9,4%-ды құрайды.

    Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8%-ы жоғары білімді, 24,2%-ы орта кәсіби білімді, 54,1%-ы жалпы орта білімді, және 3,6%-ының білім жоқ.

    Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

    Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

    Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 127 қандас қоныс аударды.

    Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

    Жыл басынан бері 1948 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 551 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

    Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен жылда пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінде этникалық қазақтардан жаңа форматта 17 158 өтініш  қабылданды.