Метка: Эвакуация

  • Таяу Шығыстан 1000-ға жуық қазақстандық елге оралды

    Таяу Шығыстан 1000-ға жуық қазақстандық елге оралды

    ҚР Көлік министрлігі 4 наурыз күні Таяу Шығыс аймағынан қазақстандықтарды әкеле жатқан бірнеше ұшақтың елге қонғанын хабарлады. Бүгінгі таңда эвакуацияланған азаматтардың жалпы саны 946 адамға жетті.
    Air Astana әуе компаниясы Мәдина мен Жидда қалаларынан Қазақстанның батыс өңірлеріне бірнеше рейсті орындады:
    Ақтауға 142 жолаушысы бар ұшақ келді.
    Атырауға үш рейс қонып, барлығы 498 адамды жеткізді.
    Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы 290 орындық Boeing 767 ұшағымен Алматы – Маскат (Оман) – Алматы бағыты бойынша рейсті орындауда. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе дәліздерін үйлестіру жұмыстары көршілес елдердің авиациялық биліктерімен бірлесе отырып жалғасуда.

  • Ираннан эвакуациялау: СІМ Армения, Әзербайжан және Түрікменстан арқылы дәліздер ұйымдастырды

    Ираннан эвакуациялау: СІМ Армения, Әзербайжан және Түрікменстан арқылы дәліздер ұйымдастырды

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ирандағы қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесі бойынша көршілес мемлекеттердің үкіметтерімен бірқатар келісімдерге қол жеткізді. Дипломатиялық шаралар аясында Армения, Әзербайжан және Түрікменстан аумақтары арқылы өтетін бағыттар келісілді, бұл елге оралу жолдарын әртараптандыруға мүмкіндік береді.
    Армения тарапы Ираннан келе жатқан Қазақстан азаматтары үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз етуге дайын екенін ресми түрде растады. Бұл дәліз елден құрлық көлігімен тез арада шығуды жоспарлағандар үшін ең қолжетімді бағыттардың бірі ретінде қарастырылуда.
    Әзербайжан арқылы өтетін транзитке де ерекше көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта бұл мемлекеттің құрлықтағы шекарасын кесіп өту тек арнайы рұқсат бойынша мүмкін болғанына қарамастан, Баку көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Қазақстандық дипломаттар Нахчывандағы «Жұлфа» бақылау-өткізу пункті арқылы екі азаматымыз үшін жедел түрде рұқсат қағаздарын алып үлгерді.
    Түрікменстан да қазақстандықтардың мемлекеттік шекарадан өтуіне барынша жәрдемдесуге дайын екенін жеткізді. Бұл бағыт Иранның Түрікменстанмен шектесетін солтүстік және шығыс провинцияларында жүрген азаматтар үшін негізгі жол болмақ.
    ҚР СІМ Тегерандағы және көршілес елдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ведомствоның басты міндеті — шиеленіс аймағынан шыққысы келетін әрбір отандасымызға құжаттық және логистикалық қолдау көрсету.
    Иранда жүрген қазақстандықтарға қауіпсіздік шараларын барынша сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу және консулдық мекемелермен тұрақты байланыста болу ұсынылады. Азаматтарды ресми хабарламаларды және СІМ ақпараттық арналарындағы жаңалықтарды мұқият қадағалауға шақырады.
    Ведомство қазіргі жағдай жедел әрекет етуді және дипломаттардың нұсқауларын нақты орындауды талап ететінін айтты. Келісілген дәліздер — форс-мажорлық жағдайларда шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғаудың кешенді жоспарының бір бөлігі.
    Қазіргі уақытта жағдайды бақылау жұмыстары жалғасуда. Дипломатиялық корпус қазақстандық топтардың бүкіл жол бойындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иран және транзит елдерінің билігімен тығыз байланыста отыр.

  • «Милтон» дауылы: қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін

    «Милтон» дауылы: қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін

    «Милтон» дауылына байланысты Флоридадағы қазақстандық студенттер эвакуациялануы мүмкін

    Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерінің айтуынша, стипендиаттардың барлығы дүлей дауыл туралы хабардар. Жағдай ушығып кетсе, жедел әрекет ету үшін студенттермен тұрақты байланыс бар.

    Қазір штаттағы мемлекеттік ЖОО-да Қазақстаннан 31 стипендиат білім алуда. Ал BBC мәліметінше, АҚШ-тың Флорида штатына жақындап қалған дауылға байланысты аймақта 5 млн-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.