Метка: Филиппин

  • Көлсай көлдері маңында болған жол апатынан Филиппин азаматы қаза тапты

    Көлсай көлдері маңында болған жол апатынан Филиппин азаматы қаза тапты

    Көлсай көлдері ауданында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ақпаратты туристер тобының жетекшісі растады. Оның мәліметінше, Саты ауылының тұрғынына тиесілі көлік саяхатшыларды Қайыңды көліне қарай алып бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырғаннан кейін көлікті басқара алмай қалған. Автомобиль тайып, аударылған, деп хабарлайды Sona.kz CHECK_POINT.KZ сілтеме жасап.

    Алматы облысы полиция департаментінің деректеріне сәйкес, оқиға 30 қарашада болған. Toyota Sequoia автокөлігінің аударылуы салдарынан Филиппин азаматы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бес жолаушы түрлі жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

    Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.

  • Филиппинде жойқын жер сілкінісі мен үшінші тайфун: ондаған адам қаза тапты

    Филиппинде жойқын жер сілкінісі мен үшінші тайфун: ондаған адам қаза тапты

    Филиппинде табиғи апаттар жалғасуда. Себу провинциясында болған магнитудасы 6,9 жер сілкінісінен 22 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sona.kz The Guardian-ға сілтеме жасап.

    Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Бого қаласынан 17 шақырым жерде болды. Қираған ғимараттардың астынан аман қалғандарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жолдар мен үйлер қирады, электр желілері мен су жүйесі істен шыққан.

    Билік дерегінше, Сан-Ремихио қаласында алты адам, оның ішінде үш жағалау күзетшісі, бір өрт сөндіруші және бала қаза тапты. Қайталанған дүмпулер мен қараңғылық құтқару жұмыстарын қиындатуда.

    Сонымен қатар, елді бір апта ішінде үшінші тайфун шарпыды. CGTN дерегінше, Филиппинде соңғы үш тайфуннан қаза тапқандар саны 37-ге жеткен.

    Филиппин Тынық мұхиттағы «От белдеуі» аймағында орналасқандықтан, мұнда жиі жер сілкінісі мен жанартау атқылауы тіркеледі. Елге жыл сайын шамамен 20 тайфун мен дауыл соғады.