Метка: FlyArystan

  • FlyArystan қол жүгінің рұқсат етілген салмағын 7 келіге дейін арттырады

    FlyArystan қол жүгінің рұқсат етілген салмағын 7 келіге дейін арттырады

    FlyArystan әуе компаниясы рейстерінде тегін тасымалданатын қол жүгінің салмағын арттырады. Компанияның ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 1 наурыздан бастап қол жүгінің ең жоғары салмағы 5 келіден 7 келіге дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Компания мәліметінше, қол жүгінің рұқсат етілген өлшемдері бұрынғыдай өзгеріссіз қалады және 56×23×36 сантиметрден аспауы тиіс. Сондай-ақ бір жолаушыға салонға тек бір ғана қол жүгімен кіруге рұқсат етіледі.

    FlyArystan отырғызу алдындағы бақылау күшейтілетінін хабарлады. Атап айтқанда, қол жүгінің салмағы мен өлшемі ұшаққа мінер алдында қайта тексеріледі.

    Әуе компаниясы жолаушыларға салонға алып кірілетін барлық заттар қол жүгі ретінде есептелетінін еске салды. Осыған байланысты әр жолаушының жеке заттары бір ғана жүк бірлігіне сыйып тұруы қажет.

    Аталған талап FlyArystan орындайтын барлық ішкі рейстерге қолданылады. Компания жолаушыларды рейске дейін жүк талаптарымен мұқият танысуға шақырады.

    Ал халықаралық рейстерде, оның ішінде чартерлік бағыттарда, Duty Free дүкендерінен алынған тауарларды салонға тегін алып кіруге рұқсат етіледі.

    Алайда бұл сатып алулар қорғаныш немесе фирмалық Duty Free пакетінде болуы тиіс және пакеттің өлшемі белгіленген 56×23×36 сантиметрден аспауы қажет. Мұндай пакеттердің санына шектеу қойылмайды.

  • FlyArystan экс-қызметкерлерінен тәркіленетін мүлік белгілі болды

    FlyArystan экс-қызметкерлерінен тәркіленетін мүлік белгілі болды

    FlyArystan әуекомпаниясының сотталған бұрынғы қызметкерлерінен тәркіленетін мүлік тізімі жарияланды. Сот шешіміне сәйкес, бірнеше автокөлік, жылжымайтын мүлік, қаржы қаражаттары мен криптовалюта мемлекет пайдасына алынбақ, деп хабарлайды Sona.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    Дәуір Еркінұлынан 35,8 млн теңгелік Toyota Land Cruiser 200, 15,4 млн теңгелік Toyota Camry, анасына тіркелген 62,6 млн теңгелік Mercedes-AMG GT S, туысына тіркелген ZEEKR 001 электромобилі, 1 млн теңгелік тіркеме, банк шоттарындағы 4 млн теңге және криптовалюта тәркіленеді.

    Еркін Исановтан 22,1 млн теңгелік ZEEKR 001 электромобилі, 4,2 млн теңгелік Ducati Monster мотоциклі, жұбайына тіркелген пәтер, бірнеше автотұрақ орындары, 125 млн теңгелік қойма, сондай-ақ банк шоттарындағы және криптовалютадағы 255 641 теңге тәркіленбек.

    Ренат Әбілхановтан 8,4 млн теңгелік KIA K5, 22,5 млн теңгелік Hyundai Palisade, жұбайының атындағы 68,2 млн теңгелік пәтер, анасына тіркелген 105,6 млн теңгелік пәтер, 251,8 млн теңгелік пәтер, сондай-ақ 4,8 млн теңге және 5131 доллар тәркіленеді.

  • FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкерлеріне ірі көлемде ұрлық және ақша заң бойынша сот үкімі шықты

    FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкерлеріне ірі көлемде ұрлық және ақша заң бойынша сот үкімі шықты

    Оларға аса ірі көлемде ұрлық жасау және ақшаны заңдастыру (жуу) айыптары тағылған еді.
    Сот олардың бәрін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы («Аса ірі көлемде ұрлық») және 218-бабы, 3-бөлімі, 3-тармағы («Ақшаны заңдастыру (жуу)») бойынша кінәлі деп таныды.
    Сот үкімі бойынша:
    •Еркін Исанов пен Ренат Абулхановқа 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу, сондай-ақ бес жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басқарушы қызметтер атқаруға тыйым салынды.
    •Даур Еркенұлы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленіп, коммерциялық ұйымдарда бес жыл бойы басқарушы қызметтерге кіруге тыйым салынды.
    Барлық сотталғандар орта қауіпсіздік режиміндегі түзету мекемелерінде жазасын өтейтін болады. Бас бостандығынан айыру мерзімі сот үкімі күшіне енген күннен бастап есептеледі.
    Сот қамаудағы уақытты есепке алды: Даур Еркенұлы мен Еркін Исанов үшін  2024 жылғы 18 желтоқсаннан бастап, Ренат Абулханов үшін  2024 жылғы 24 желтоқсаннан бастап. Есептеу формуласы: бір күн қамауда  бір жарым күн жазаның қысқаруы.
    Сот үкімі бойынша Даур Еркенұлы мен оның туыстарына тіркелген мүлікті тәркілеу де қарастырылды: Toyota Land Cruiser 200 2017 ж., Toyota Camry 2021 ж., Mercedes-AMG және Zikr автокөліктері.
    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және аппеляциялық тәртіппен шағымдануға болады.
    Сот барысында қорғау тарапы кінәлілікті терістеді. Олар шығындардың есептеу негізінде алынғанын, нақты ақша берілгені дәлелденбегенін, сондай-ақ рейстерді тіркеу мен билет операцияларының кейбірі бұрыннан қолданылған корпоративтік тәжірибелер екенін айтты. Бұл дәлелдер іс материалдарына қосылды.
  • FlyArystan Иран әуе кеңістігін айналып ұшу туралы мәлімдеді

    FlyArystan Иран әуе кеңістігін айналып ұшу туралы мәлімдеді

    FlyArystan әуе компаниясы Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты түсініктеме берді. Тасымалдаушының мәліметінше, шектеулер 2026 жылғы 17 қаңтарға жоспарланған екі рейске әсер етеді:
    Атырау – Доха және Ақтау – Дубай.

    Қазіргі уақытта аталған рейстерді Иран әуе кеңістігін айналып орындау бағыттары қарастырылып жатыр. Жолаушыларға рейс мәртебесін қадағалау ұсынылады.

  • FlyArystan басшысы баланың әуежайда қалып қою оқиғасына қатысты кешірім сұрады

    FlyArystan басшысы баланың әуежайда қалып қою оқиғасына қатысты кешірім сұрады

    FlyArystan басшысы баланың әуежайда қалып қою оқиғасына қатысты кешірім сұрады

    FlyArystan басшысы Ричард Леджер биыл 21 шілдеде «Астана-Орал» рейсіндегі әуе компания ұшағына 12 жасар қыз баланың жіберілмеуі оқиғасына қатысты кешірім сұрады.

     

    «Бұл жағдай қоғамда қызу талқыға түсті және осындай оқиғаларға алдағы уақытта жол бермеу керек. Біз жедел түрде тексеруді бастап кеттік. Осы ретте, тиісті өзгерістер енгізіп, балаларға қызмет көрсету бойынша стандарттарды түзету ескерілген. Сонымен қатар Қазақстанның еңбек заңнамасында қарастырлған талаптар бойынша шара қолданамыз», — деді Р. Леджер.

     

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз билеті бар 12 жастағы қызды ұшаққа кіргізбей қойғанын хабарлаған болатынбыз https://sona.kz/kk/ushaqqa-biletti-satyp-biraq-oryn-zhetpey-qalgan-flyarystan-dawga-tuesinik-berdi-3037/.

  • Ұшаққа билетті сатып, бірақ орын жетпей қалған: FlyArystan дауға түсінік берді

    Ұшаққа билетті сатып, бірақ орын жетпей қалған: FlyArystan дауға түсінік берді

    FlyArystan әуе компаниясы 12 жастағы қыз баланы не себепті ұшаққа отырғызбағанын түсіндірді.

    «Бұған дейін әуе кемесі жолаушылар сыйымдылығы аз ұшаққа ауыстырылғандықтан, әуекомпания Зере Галиеваға ұшақ бортынан орын бере алмады. Әуекомпания агенттері борттағы жолаушыларға Зереге орын беру туралы өтініш білдіріп, өтемақы ұсынды. Өкінішке орай, жолаушылар арасында ерікті табылған жоқ», — делінген FlyArystan әуе компаниясының хабарласында.

    Яғни, жолаушының билеті бар бірақ, орны жетпей қалған.

    «Әуекомпания бұл жағдайдағы өз кінәсін толық мойындайды. Біз болған оқиғаға шынайы өкініш білдіреміз және бұл жағдай біздің қызмет көрсету стандарттарымызға мүлдем сай келмейтініне сендіргіміз келеді. Шынайы кешірім сұрай отырып, Мусина ханым мен отбасына келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы ұсынуға дайынбыз», -деп толықтырды FlyArystan әуе компаниясы.

    Ал, зардап шегушінің сөзінше FlyArystan компаниясы оған 4 млн теңге өтемақы ұсынған. Бірақ, Жазира Мусина әуе компнаниямен тек сотта кездесуге бекініп отыр. Тіпті, бұл оқиғаның болғанына 20 күнге жуықтаған. Сөзінше, компания бүгін ғана кешірім сұрап, хат жіберіпті.

    Естеріңізге сала кетейік, 12 жастағы қызды рейке жібермей қойғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Айта кетейік, FlyArystan әуе компаниясына қатысты бұл алғашқы дау емес. Жақында ғана Алматы-Астана бағыты бойынша рейсті кешіктіргені үшін оларға 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынған болатын. Себебі, FlyArystan рейсті кешіктіргені үшін жолаушыларды қонақүйге орналастыруы тиіс болған. Бірақ, бұл міндеттерін орындамаған. Енді осы әрекеттері үшін 3 млн 700 мың теңге айыппұл төлейді.

  • FlyArystan 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады

    FlyArystan 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады

    FlyArystan әуе компаниясы 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады. Азаматтық авиация комитеті оларға тексеру жүргізеді. Бұған дейін домбыраны бортқа кіргізбей басы дауға қалған компания енді кәмілеттік жасқа толмаған баланы тастап кеткен. Оқиға 20 шілдеде болған. Қазақстандық Жазира Мусинаның сөзінше, оның Америкадан егіз қызы елге оралған. Астана арқылы Оралға ұшуы тиіс болған. Бірақ, FlyArystan әуе компаниясының қызметкері егіздің бірін тіркеп, екінші сынарын тіркемеген. Жазира Мусинаның айтуынша, әуе компаниясының өкілдері егіздің сыңарын бортқа өздері отырғызамыз деп сендірген. Алайда, қызды отырғызбай, бала әуежайда жалғыз өзі қалып қойған Қазір анасы FlyArystan әуе компаниясын сотқа берді.

    «Азаматтық авиация комитеті «FlyArystan» авиакомпаниясын кәмелетке толмаған жолаушыны авиакомпанияның рейсіне жібермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартады.
    Бұл өрескел жағдай. Жолаушылардың құқығы әрқашан мүлтіксіз сақталуы керек.
    Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесе «FlyArystan» авиакомпаниясына қатысты жан-жақты тексеру жүргізеді.
    Кінәлі қызметкерлер міндетті түрде жауапқа тартылады»,- делінген ведомствоның хабарламасында.